«Адамдар заманына сай өз әкелеріне ұқсайды»

немесе Ислам және бала тәрбиесі

Ислам дініде жастар тақырыбы өте зор орын алады. Өйткені бүгінгі жастар-үмметіміздің ертеңі. Болашақта үлкен жетістіктерге жетіп, биік белестерді бағындырамын деген қоғам жастарға көп көңіл бөлу керек. Әрқашан келер ұрпақ казіргілерден әлде қайда білімді, көкіректері таза, ой өрістері жүйрік болғандары абзал. Бұл туралы дінімізде де айқын айтылған. Алланың елшісі Мұхаммед ған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)  хадистерінде бала тәрбиесінің маңыздылығы және келер ұрпаққа имани тәрбиенің артықшылығы ерекше айтылған.

Мысал келтірсек: «Сендердің біреулерің балаңа әдептілікті үйреткенің, күнде жарты сағ садақа бергеніңнен артық» (Сағ деп дәнді дақылдарды өлшейтін өлшемді айтады. Жарты сағ  дегеніміз егер бидай өлшесек 1,900 кг. тең болады.)

Алла жолында садақа берудің сауабын казіргі кезде айтпасақта әр мұсылман жақсы біледі. Ал бала тәрбиесі одан да артық сауаппен сүйіншіленген. Немесе пайғамбарымыздың  ған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)  келесі бір хадисіне назар аударсақ: «Әкенің балаға берген сыйлықтарының ең абзалы берген жақсы тәрбиесі».

Жақсы тәрбиенің негізі имани тәрбие екенінде талас жоқ. Алладан қорыққан, жақсы мінезді діндар адам қоғамының сәні бола алады. Қандай жауапкершілікті іс тапсырылса абыроймен атқарады. Қаситті Құрандағы мына аятты:  «Әй мүминдер! Өздеріңді әрі үй – іштеріңді оттан (тозақ отынан)  сақтаңдар». («Тахрим» сүресі, 6-аят)

Хасан ған Алла разы болсын) осы аятты тәпсірлегенде: «Оларға Аллаға мойынсынуға  бұйырыңдар, Жақсылықтың не екенін үйретіңдер» – деген. Ибн Аббасған Алла разы болсын) : «Оларға Аллаға мойынсынуды үйретіңдер. Алла күнә деген нәрселерден сақтандырыңдар. Балаларыңа әмір етілгенді бұйырып, тыйым салынғаннан тыйыңдар. Міне осі сендерді және оларды тозақтан сақтайды». Бірақ жақсылықты үйрету мен парасаттылық дәнін егу тек сөзбен ғана жеткізу емес, сонымен қатар іс-әрекет, амалмен үлгі болу. Жастарға үлгі көрсететін ұлкендер.

Қазақта: «Ұяда не көрсе ұшқанда соны істейді» деген нақыл сөз бар. Аға буын келе жатқан жас буынға жақсы жағынан үлгі көрсетуі керек. Жас ұрпақ имандылық, қайырымдылық керек десеңіз батырлықтың не екекнін өз елі мен өз ағаларынан көріп өскені үлкен пайда. Ол ертең өзінен кейінгі ұрпаққа алдында өткен жақсылармен мақтанып, соларды дәріптейді. Бұл бір жағынан патриоттық тәрбие, екінші жағынан елдің қауіпсіздігі мен беріктігі. Жастарға үлгі болу казіргі аға буынның әрқайсысына үлкен жауапкершілік. Сонымен қатар аға буын жастардың өздерінен айырмашылығы бар екенін де білгені жөн. Бұл табиғи нәрсе. Өйкені өмір бір қалыпты емес. Күннен күнге өзгеріп отырады. Қоршаған орта, табиғат құбылыстарын айтпағанда, өмірдегі ғылым-білім ілгерлеуі және заманына сай даму қарқыны бар.

Хәзіреті Омар ған Алла разы болсын) кезінде былай айтқан екен: «Адамдар заманына сай өз әкелеріне ұқсайды». Әкелердің ұрпақтарының алдындағы жауапкершілік біліп, толық сезінулері қажет. Өз заманымен салыстыра отырып, жақсы мен жаманды көрсете алулары  да міндеті. Бұрынғы өткен бабаларымыз: «Балаңмен жеті жыл ойна, содан кейін жеті жыл тәрбиеле, содан кейін жеті жыл дос бол, содан кейін тізгінін өзіне ұстат»  деп айтқан. Бұдан басқа ислам даналардың да айтқандарына назар салсақ: «Балаларымыз жүректеріміздің жемісі, ертеңіміздің тірегі. Біз оларға аспандағы көлеңке болатын бұлтымыз, аяқтарының астандағы жұмыр жерміз (ыстық күннен сақтайтын бұлт пен аяқтарында нық тұраты жер)» деген екен. Жастар тек ақылшы болатын ағаларға ғана мұқтаж емес, сонымен қатар оларға қиыншылықта арқа сүйейтін, жақсылықта дос бола білетін ағаларға да зәру болмауы керек. Тоқетеріне келсек жастар өмір деген кең даланың жемісі. Ол жеміс баптаусыз, мәпелеусіз өсіп өнбейді. Қараусыз қалған бақтағы жеміс сияқты арамшөп басса, жеміс құндылығын жоғалтады.  Келешегін ойлаған бесігін түзейді деген сөзді де бабаларымыз бекер айтпаса керек. Осыған орай  Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өз жолдауында айтқан мына жолдарға тоқтала кетуді жөн көрдік:«Біздің жастарымыз оқуға, жаңа ғылым білімді игеруге, жаңа машықтар алуға, білім мен технологияны күнделікті өмірде шебер де тиімді пайдалануға тиіс».

Асыл дінімізде де жастардың өздеріне айтқан насихаттар да аз емес. Ибн Аббасған Алла разы болсын) келтірген хадисте Алланың елшісі ған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)  былай деген: «Бес нәрседен бұрын бес нәрсенің қадірін біл. Кәріліктен бұрын жастық шағыңның.  Ауырғаннан бұрын денсаулығыңның. Кедейліктен бұрын байлығыңның. Бір нәрсемен шұғылданғанан бұрын бос уақытыңның. Өлместен бұрын өміріңнің».

Кейбір кезде қариялардың жас кезімде үйренбеппін деп өкініп жатқанын көреміз. Денсаулықтың қадірін білмей, бір сынақ келгенде ғана әттеген ай деген бауырлар да жоқ емес. Қолында бар болып, кейін байлығынан айрылған кезде, ең аяғы анама бір көйлек те әпермеппін деп ашынғандарда бар. Жұмысы көбейіп, бос кезімде осы істі бітіре салмаппын деп, уақыт жеткізе алмай пұшайман болғандар да бар. Осы өмірдің қадір-қасиетін түсінбей кейін барғанда  көреміз деп тәкаппарлыққа бой алдырғандар да жоқ емес. Осылардың қатарында болмау үшін  хадисте айтылған бес нығметке мұқият болған абзал.

Қазіргі кезде өмірдің кейбір қиыншылықтарын сылтау етіп, өздерін- өздері қолға алмай, уақытын бос өткізіп жүрген жастардың да бары шындық. Жәй бос жүргені былай тұрсын, жаман қылықтар мен күнәлі амалдарға барып жатқандар да бар. Сөйтіп ақыры руханиятына да, денсаулығына да зиян келтіреді. Осындай бауырларымызға насихат ретінде пайғамбарымыздың ған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)  мына хадисін айтсақ болады: «Екі нығмет бар, көп адам қадірін біле бермейді. Бос уақыт және денсаулық».

Мұсылманға тек еңсесі биік болып қана қоймай, білімділікпен қатар күшті және қуатты болғаны жарасады. Сахих әл-Бұхариде абу Хурайра ған Алла разы болсын)жеткізген хадисте:  «Қуатты мүмин Аллаға әлсіз мүминнен қайырлы және оны (Алла) жақсырақ көреді». Бұл жерде Алла Тағала әлсіздерді жаман көреді деген ұғым емес. Қүш-қуаты бар адам дүние және діни амалдарын жақсы орындайды. Еш кемшіліктер мен кателіктерге бой алдырмайды. Сондықтан ислам діні жастарды рухани саулық және дене саулығын сақтауға үгіттейді. Алланың елшісі ған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Абдулла бин Амру бин әл-Асқаған Алла разы болсын)  риуаят еткен хадисінде  былай айтқан:  «Денеңнің сенің алдыңда хақысы бар».

Жастарымызға еліміздің болашағы сендерсіңдер. Сендер қандай болсаңдар болашақ сондай. Өмір бізге аманат. Аманатқа қиянат жасамаңдар демекпін.

Алла бәрімізге абырой берсін. Жастарымыз аман болсын ағайын!

Исенов Нариман Ермекұлы

(ҚМДБ-ның Павлодар облысы

 бойынша өкіл имамы)

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған