Адамның байып кетуіне кедергі келтіретін 7 жаман әдет

Адамның қаржылық жағдайын жақсартуға кедергі келтіретін нәрселер көп.Соның бірі – жаман әдеттер.

Әсіресе мынадай жаман әдеттер баюға көп кедергі келтіреді деп жазады Замана.

– Саудаласа білмеу. Адам саудаласа білуі керек. Мысалы, айлық жалақы жөнінде саудаласу. Жұмыс беруші көп жағдайда төленген жалақының төмен мөлшерін көрсетеді. Өз бағаңызды білетін болсаңыз және іскерлік тәжірибеңіз бен іскерлігіңізге сенсеңіз, онда саудаласыңыз. Лайықты жалақы сұраңыз. Бұлай етуден сізге пайда болмаса, зиян жоқ. Жұмыс беруші жалақыңызға аз да болса мөлшер қосады. Яғни бірінші ұсынылатын мөлшерді қабылдамаңыз.

– Өзіңізге инвестиция жасамайсыз. Құнды қағаз, жылжымайтын мүлік, т.б. қажет нәрсеге инвестиция құйып үйреніңіз. Денсаулығыңызға қараңыз, білім алыңыз, біліктілігіңізді, тәжірибеңізді арттырыңыз. Сонда жұмыс берушіге керек боласыз. Құнды шешімдер қабылдайсыз, табысты көбейтесіз.

– Кең ауқымда ойламайсыз. Сіз кең ойлаңыз, кіріс көздерін көбейтіңіз. Яғни «запас» ұстаңыз. Мысалы, жылжымайтын мүлікті жалға беретін болсаңыз немесе басқадай тағы да кіріс көзі болса, ол сізге қиын жағдайда жақсы жәрдемші болады. Кең ойлап, іс аясын кеңейтіңіз.

– «Осы күніме шүкір» дегенге үйреніп алғансыз. Бұл – жақсы. Бірақ көңіліңіз барға үйреніп, «ұйықтап» қалу қаупі бар. Мысалы, жұмысқа күшті бұрынғыдан аз жұмсайсыз. Бұл сіздің бағаңызды түсіреді. Қазіргі жалақым да жеткілікті деген тоқмейілсу алға ұмтылуыңызға кедергі болады. Мықты тәжірибе жинақтай тұрып алға ұмтылмау, тоқмейілсу адамды кері тартады. Мұндайды сезген бетте тиісті шараларды қолға алғаныңыз абзал.

– Алға мақсат қойған жақсы, дегенмен кейде адам көздегеніне жеткесін сонымен шектеліп қалады. Білімге, тәжірибеге, жалақы мен мансапқа қатысты «планка» қойып, соған жеткесін тоқтап қалатындар бар. Мұндай жағдайға тап болмас үшін алға үлкен мақсаттар қоя білу керек.

– Тым келісімпазсыз, өзгенің көңіліне қарайсыз. Кейде адам жұмысы тұйыққа тіресе де басшының көңілі үшін бір орында жүре береді. Мұндайда мақсат жайына қалады. Сондықтан тартыншақтап, біреудің көңіліне қарап өмір сүруді тоқтатқан жөн.

– Ақшаны жұмыс істете білмейсіз. Ақша еселенетіндей, табыс әкелетіндей болуы керек. Банкке ақша салсаңыз, ол босқа жатпасын, пайда әкелсін. Акция, облигация, ортақ инвестиция қоры сияқтылардан «бұйығы» кіріс алып үйреніңіз немесе оны білімді көтеріп, мүмкіндікті көбейтуге жұмсаңыз. Ақша кіріс келтіруі керек, осыны ұмытпаңыз.

Жақсы өмір сүргіңіз келсе, жоғарыда аталған артқа тартатын 7 кедергіден абай болыңыз.

Жамиля Маратқызы

One thought on “Адамның байып кетуіне кедергі келтіретін 7 жаман әдет

  • 27.09.2016 at 21:45
    Permalink

    Жақсы мағлұмат екен.

    Reply

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған