Адам өмірінде тіс не үшін екі рет жаңаланады?

Адам денесіндегі тканьдер мен мүшелер дүниеге келгеннен  бастап қайта ауыстырылмай-ақ өтеді. Ал енді сүт тістері баланың омырау еміп жүрген кездің өзінде-ақ басқа да тамақтарды шайнап жеу үшін өсіп шығатын тістері. Тек тіс қана екі рет шығады яғни, сүт тісі, олар  әрі үйкеліске төзімді келеді де барлығы 20 тал болады. Ал енді біреуі тұрақты тіс. Олардың сүт тіспен орын ауыстыруы 6 жаста басталады. Жайшылықта тұрақты тістер үлкенірек әрі үйкеліске төзімді, асты-үсті, оң-солы болып барлығы 32 тал болады. Кейбіреулерде 28 тал болатыны да  бар.

Адамның өсіп жетілу барысында сүт тіс пен тұрақты тістің бүкілдей ұқсап кете қоймайтын функциялары бар. Сүт  тістермен тамақтарды шайнағанда қызылиек сүйектерін өсуге тітіркендіріп тұрақты тістердің өсіп шығуына себеп болады. Ал тұрақты тіс азықтарды шайнауға жұмсалады. Егер бір бөбектің сүт тісінде ауру болса, немесе ол тым ерте түсіп қалса, онда оның қызылиек сүйектері жақсы жетіле алмайды. Тұрақты тістері де жақсы шықпайды. Бұлай болғанда оның шайнау функциясына ықпал жасап, тіс ауруларына шалдыққыш болып қалады. Адамдардың қызыл иек сүйектерінің жасынан үлкею секілді жетілу барысы да болады. Нәрестелік мерзімінде қызылиек сүйегі үлкен болмайды. Бұл кезде тұрақты тіс өсіп шықса да олар қызылиек сүйегіне орныға алмас еді. Ал ересектік мерзім өткен соң қызылиек сүйегі өсіп үлкейеді. Осы кезде ауызда 20 тал ғана сүт тісі болса онда олар қызылиек сүйегін толтыра алмас еді де қалыпты шайнау қимылын іске асыруында қиынға түсер еді. Ұзақ уақыттық эволюция барысында сәбилік кезеңдегі уақытша тістерімен тамақ шайнап, сондай-ақ қызылиек сүйегін тітіркендіріп жетілдіреді. Белгілі бір жасқа жеткенде сүт тістері саудырап түсіп, оның орнына тұрақты тіс шығады.

Аударған: Ғалымбек Жапек

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған