«Азаматтарға арналған үкімет» фронт-офистерді орналастыру үшін ғимараттар қарастырып жатыр

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы фронт-офистерді орналастыру үшін жаңа ғимараттар қарастыруда. Қазіргі таңда азаматтарға мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін елуге жуық фронт-офистер жалға алынған ғимараттарда орналасқан.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының төрағасы Абылайхан Оспановтың айтуынша, өзара тиімді шарттар негізінде фронт-офистерді орналастырудың жаңа тұжырымдамасы әзірленуде. 

«Корпорацияның бір ғана фронт-офисінен күн сайын екі мыңға жуық адам өтеді. ХҚКО-лар бизнес-орталықтарға орналастырылған жағдайда, келушілер легі клиенттер легіне айналады. Біз бизнесмендерге серіктестік шеңберіндегі ынтымақтастықты ұсынамыз, ол бізге жалға алу шығынын болдырмайды, ал бизнес үшін – адамдар санының өсуіне ықпал етеді.Бұл ретте,коммуналдық шығындарды мемлекеттік корпорация өз міндетіне алады», – деп түсіндірді А. Оспанов.

Жалға беру туралы ұсынысты мына мекенжайға rent@goscorp.kz жолдауға болады.

 «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»

коммерциялық емес акционерлік қоғамы баспасөз қызметі

тел.: 8 7172 27 06 58 (іш.109)

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған