Азаматтарға арналған үкімет қызметкерлері Қазақстан бойынша 425 ағаш отырғызды

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметкерлері еліміздің барлық қалалары мен облыс орталықтарында сенбілік өткізді. Сенбілік барысында орталық аппарат пен облыстық филиалдардың қызметкерлері 425 ағаш отырғызды, оның ішінде қайың, қарағай, жөке, шетен, тіпті боз арша ағаштары бар. Сенбілікке мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің инспекторларынан бастап басшыларына дейін белсенді ат салысты.

            «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚБаскарма төрағасының орынбасары Медет Кұмарғалиевтің мәлімдеуінше, шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орайластырылған кең ауқымды «25 игілік іс» акциясы шеңберінде өткізілуде. «Бүгін біз ел болып атап өтіпотырған айтулы мерекеге өз үлесімізді қосудамыз. Қалалық саябақтар, аллеялар, ботаникалық бақтар, жағажайлар 400-ден астам ағашқа толықты. Ал Астанада мемлекеттік корпорацияның орталық аппаратының қызметкерлері ғашықтар аллеясында 25 шаған ағашын отырғазды», – деп хабарлады Құмарғалиев.

img_4676

            Құмарғалиевтің айтуынша, Өскеменде – қылқанды ағаш түрлері, Петропавлда – жөке және шетен ағаштары, Алматы қаласында –боз арша, Ақтөбеде – терек, Алматы облысында – алма ағаштары отырғызылса, Павлодарда Жеңіс саябағы тағы 25 қайыңға толықты.

            Естеріңізге салсақ, ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы шеңберінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы өткізіп отырған мұндай шара бірінші рет өткізіліп отырған жоқ. Ағымдағы жылдың қыркүйек айында мемлекеттік корпорацияда Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орайластырылған республикалық спартакиада және  мемлекеттік тілді меңгеруге қатысты «Мемлекеттік тіл – қызмет көрсету тілі» тақырыбында республикалық байқау, ал шілде айында – «Қазақстан балалар көзімен» тақырыбында мемлекеттік корпорация қызметкерлері балаларының арасында сурет салу байқауы өтті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған