Азаматтың міндеттері 

Ер адамның тәні – рабайсыз, тұрпайы келеді. Осыдан оның барлық міндеті тарқайды. Ер адамның тәні бар қиындықты жеңуге икемді, кедергіні аттап өтіп, алдындағы мақсатты ғана көріп, соған ғана талпына беруге епті.
Еркектің басты міндеті: отбасының рухани тәрбиесіне жауапты болу. Сана-сезім әрекеттің ең жоғарғы көрсеткіші. Сана-сезім – еркек пен оның ет жақындарының өмірін қалыптастыратын іргетасы, тұғыры.
Еркек – қорған, ол отбасындағы әр адам үшін жауапкершілікті мойнына алады. Барлық сыртқы аралас-құраласта ол көш бастап отырады.
Еркек – әйелдің тірегі. Әйел – ерінің жан рақатын сезіндірер жұмағы.
Еркектің міндеті: ақылын еселеу. Еркек алдына мақсат қояды, соған жетеді. Ол қалай дұрыс өмір сүру керек дейтін идеялардың иесі. Ол байсалды адам.
Ері әйеліне әр жағдайда өзін қалай ұстау керектігін үйретіп отыруы керек. Жүз рет қайталаса да айтқанын орындатып дағдылануы шарт.
Еркек отбасыда татулық пен ынтымақ орнатуға күш салуы керек. Әйеліне үй тірлігімен айналысуға толық мүмкіндік жасап беруі тиіс. Әйел – үйдің бәйбішесі. Үй – әйелдің қорғаны. Еркек түздегі жұмысы үшін үйінен күш-қуат жинайды.
Еркек әділетті болуы тиіс. Әйелді сыйлауы керек. Өз әйелін ешқашан ешкіммен талқыламауы қажет. Оның әйелі ең сұлу, ең ғажап дегеннен сыйластық туындайды. Соның нәтижесінде еркек әйелінен өзіне керекті шабыт пен күш алады.
Еркек өзінен үлкендердің ақылын тыңдап, айтқанын орындауы маңызды. Әйелінің әке-шешесімен де ынтымақты болғаны абзал.
Еркек баланы тәрбиелеуші, олардың тәрбиесінде көш бастап жүруі керек. Егер баланың бойына жақсы қасиеттерді тәрбиелеп, сіңірмесе, жаман мінез өздігінен жабыса кетеді.
Еркек отбасына тәлімгер адам табуы тиіс. Отбасылық түйткілдерді шешу – бұл тек психологияның мәселесі емес, бұл тұтас адамгершіліктің нысаны, адам бойындағы жақсы қасиеттерді тәрбиелеуге тіреледі. Егер еркек тәлім берушінің тілін алса, онда отбасы сондай еркектің тілін алуға құштарлық білдіреді.
Еркек отбасы тәртібінің, тәлім-тәрбиесінің ұстанымын бекітіп, соларды алдымен өзі орындап отыруы шарт.
Еркек әйел табиғатын түсінуге барын салуы керек. Әйелдің әр кездегі көңіл күйін түсінуге тырысқаны жөн. Еркек әрбір әйелге ана ретінде қарап үйренуі тиіс – өзінің анасы, не келешек балаларының анасы деп. Сонда өз нәпсісін ырықтап отыратын болады.
Еркек әрқашан сабырлы болғаны жөн. «Бәрі дұрыс» деген кейіп танытуы маңызды. Көңіл күйін ауыздықтай білуі өте қажет.
Еркек өмірлік мақсатын тауып, бір кәсіпті меңгеруі тиіс. Еркек әйелінен гөрі жұмысын көбірек ойлағаны пайдалы. Әйтпесе, ырқы мен ықтиярын әйел ноқталап, кішкентай баланың кейпіне түседі. Мақсатшыл еркек үйіне өмірге себепсіз қуана білетін қасиетті сіңіреді. Өйткені, еркек деген тумысынан көш бастаушы.

Денис Бойко
Аударған Шынар Әбілдә

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған