Академияның елорданы көгалдандыруға қосқан үлесі

Құқық қорғау органдары академиясының ұжымы мен тыңдаушылары Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған ағаш отырғызу акциясына белсене қатысты.

Қосшы ауылында ағаш отырғызу Мемлекет басшысының Астана айналасында жасыл белдеу құру жөніндегі бастамасы аясында өткізілді. 

Осы акцияның маңыздылығына тоқталған Академия жетекшісі Наиль Ахметзакиров былай деді: «Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі бүгінде өте өзекті және маңызды. Академия Мемлекет басшысының әрбір елді-мекенді көгалдандыру қажеттілігі туралы үндеуін қолдай отырып, осы жұмысқа өз үлесін қосуда», деді.

Бұл акция арқылы әрбір жанашыр адамды көктемнің келуіне орай саябақтарда ғана емес, сондай-ақ жол жиегінде, өз үйлері маңында ағаш отырғызуға шақырамыз, осы арқылы туған жердің табиғи байлығын сақтау және көбейтуге тікелей атсалысуға болады.  

Сондай-ақ осы іс-шараны өтізу арқылы ұжымда бірлік пен корпоративтік рух сезімдерін дамытуға және нығайтуға елеулі қадам жасалды.

Ағаш отырғызуға Еуроодақтың «Қазақстандағы қылмыстық сот төрелігін жетілдіру» жобасы аясындағы Академия серіктестері де қатысты.

Бас прокуратура жанындағы

Құқық қорғау органдары академиясының

баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған