«Алаштың Ақ жолы» ғылыми-танымдық клубы құрылды

Жуырда ғана Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының жанынан жас зерттеушілердің «Алаштың Ақ жолы» атты интеллектуалдық, ғылыми-танымдық клубы құрылды. Клубқа Алаштану ғылымы бойынша ізденіс жұмыстарын жүргізіп жүрген жас ғалымдар тартылды. Клуб өзінің алғашқы басқосуында Алаш тарихын зерттеп жүрген жас ғалым, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ докторанты Алма Сайлауқызын төрайым етіп сайлады. Оның орынбасары болып аталған оқу орнының магистранты Елдос Тоқтарбай бекітілді.

           Клуб жанынан елімізге белгілі алаштанушы ғалымдардан тұратын Ақылдастар алқасы құрылды. Клубтың басты мақсаттары  Қазақстан қоғамын жаңғыртуда «Алаш» қозғалысының шығармашылық мұрасын және қағидаттық көзқарастарын таратуға, жас зерттеушілердің ғылыми әлеуеттерін Алаштану, Әлихантану салаларын жалпыадамзаттық құндылықтар және ілгерішіл ойдың үлгілері ретінде Абайтану ғылымы тәрізді өз алдына дамыған дербес ғылым саласына айналдыру бағытында жұмыс жасауға бағыттауға және де бұл мәселелерге жас зерттеушілердің жаңашыл өзіндік ұстанымдары мен азаматтық пікірлерін қалыптастыруға арналған.

2

Клуб мүшелері «Ақ жол» ҚДП-ның Алаш тақырыбына байланысты ұйымдастырылатын шараларына белсене қатысып, түрлі дөңгелек үстел, пікір-талас, дебат, ашық әңгіме алаңы, кездесу, ғылыми экспедиция сияқты шаралар ұйымдастырып отыратының айта кетті.

  Басқосуға белгілі алаштанушы ғалымдар – «Алаш» рухани және мәдени даму институтының директоры Сұлтанхан Аққұлұлы, фиология ғылымдарының кандидаты Қайырбек Кемеңгер, филология ғылымдарының докторы Сағымбай Жұмағұл қатысып, соңдарынан ерген ізбасарларына ақ жол тіледі.

Клуб жұмысына «Ақ жол» партиясы Орталық Кеңесінің хатшылары Сәбит Байдалы, Арман Сқабылұлы, Әбдіразақ Сұлтан қатысып отырды.

«Ақжол» ҚДП баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған