Алик Айдарбаев жаңа қызметке тағайындалды

Осыдан екі күн бұрын, күллі Маңғыстау жұрты Амал мерекесін арқа-жарқа болып тойлап жатқанда Елбасының Жарлығымен облыстың әкімі ауысқан болатын. Табаны күректей төрт жыл,  дәлірек айтқанда, 2013 жылдың 16 қаңтарынан бастап кәрі Каспий маңындағы тамыры терең, шежіреге бай өлкені басқарып келген Алик Серікұлы Айдарбаев өз орнын Ералы Тоғжановқа босатқан еді.

Ал, бүгін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек мұнайдың қыр-сырын жақсы білетін Алик Серікұлын өзінің бірінші орынбасары ретінде ұжымына таныстырды. Су жаңа вице-министрге ыстық лебізін жеткізген Ж.Қасымбек:

-Алик Айдарбаев мемлекеттің маңызды салаларында қызмет атқарып келе жатқан аса тәжірибелі тұлға. Елбасының сеніміне ие болған мықты ұйымдастырушы, іскер басшы ретінде өзін Маңғыстау облысының әкімі болып тұрғанда және оған дейінгі қызметтерінде жан-жақты көрсеткен еді. Ендігі ретте Алик Серікұлын тағы да үлкен жұмыстар, жаңа міндеттер күтіп тұр. Аса тәжірибелі маманның келуімен министрлік жұмысы одан әрі жанданып, Мемлекет басшысы мен Үкімет алдындағы міндеттерді ойдағыдай атқаруға атсалысады деген сенімдемін,-деді.

«ЕлАна»

One thought on “Алик Айдарбаев жаңа қызметке тағайындалды

  • 17.03.2017 at 11:42
    Permalink

    Маңғыстау облысында ӘКІМ болғанда не жасады, 2011-жылғы ЖаңаӨзен оқиғасы өз бағасын алды ма? Ереуілші мұнайшылардың сұрағаны ақша бопсалау үшін жаңа мекеме емес, ақ адал еңбек ақысы, айлық жалақысы еді ғой, ҚАЙДА???

    Reply

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған