Алланы таны, құдайдан қорық, ынсапты таңда!

 

Анттың, серттің, адалдықтың, ұяттың бір тоқтаусыз кеткені ме?! Иман – парыз.

Абай 
Иман сақтауға – қорықпас жүрек, айнымас көңіл, босамас буын керек.

Абай

Құдайшылық – жүректе. Қалпыңды таза сақта!

Абай 
Ауруды жаратқан құдай, бірақ ауыртқан құдай емес.

Абай

Адамды сүй, алланың хикметін сүй.

Абай 
Алланың өзі де – рас, сөзі де – рас.

Абай 

Имансыздың сыртын қанша жусаң да, іші оңбайды.

Абай 
Нені сүйдім, дүниеде неден күйдім,

Қазысы оның – арым мен бір-ақ құдай.

Абай 
Адалды арамға сатқанды құдай құп көрмейді.

Абай 
Сен асыққан екен деп – Алла өмірін өзгертпес.

Абай
О да – құдай пендесі,

Түспей кетер деймісің,

Тәңірінің құрған тезіне!

Абай
Алла асыраған пенде аш болмайды.

Абай
Біреудің түйе жаятын кісісі жоқ, біреудің намаздан басқа ісі жоқ.

                                                                                     Сырым батыр

Алла деген зар болмас, ақтың жолы тар болмас.

                                                                                 Бұқар жырау

Дін мұсылман болмаса, тіл мұсылман не пайда?

                                                                               Бұқар жырау
Риза болсаң құдайға, түзелер сонда ісіңіз.

                                                                       Бұқар жырау

Ілгері басар әр қадам – Аллаға аян.

                                                                      Шәңгерей Бөкеев

Құдайдан қорыққан мұсылман – қарауыл қояр сөзіне.

Шортанбай Қанайұлы

 

Байлықтың алды – иман.

Шортанбай Қанайұлы
Иман-жанның сапасы.

                                                                            Дулат Бабатайұлы
Имансызға – пейіш жоқ, имандының – көңілі тоқ.

Дулат Бабатайұлы

Ананың хақы – құдайдың қақы.

Тәкәппарлықты тәңірі сүймес.

Қорқыт ата

Сыбырлағанды құдай естімей ме екен.

Мақал – мәтел

Уәде – құдай аты.

Мақал – мәтел

Жұмақ – ананың алақанында.

Мақал – мәтел

Көрші қақы – құдай қақы.

Мақал – мәтел

Ораза-намаз тоқтықта.

Мақал – мәтел

Аллаға жағамын десең – азаның болсын, пендеге жағамын десең қазаның болсын.

Мақал – мәтел

Құдай берейін десе – жұдырыққа тас сынар, қылайын десе – быламыққа тіс сынар.

Мақал – мәтел

Адамның басы – алланың добы.

Мақал – мәтел

Талап – пендеден, қолдау – тәңіріден.

Мақал – мәтел

Аллаңнан» «ойбайым» тыныш.

Мақал – мәтел

Мал аңдыған дін жаман.

Би-шешендер

Ілгері басар әр қадам – Аллаға аян.

Шәңгерей Бөкеев

Тәңірі өзі бермесе – «менмен»-сіп жүрген ер жігіт кісіден тартып ала алмас.

Шалгиіз Тіленшеұлы

Байды құдай атқаны – дәулетіне мас болар, ханды құдай атқаны – қарашасымен хас болар, кәріні құдай атқаны – аңдығаны ас болар.

Шал ақын

Иман – қой, ақыл – қойшы, нәпсі – бөрі.

Шал ақын

Пәлеге – сабыр, қазаға – тәуба.

Шал ақын

«Лә иллаһа иллалла» – иманыңыз,

Иманымен бұйырсын жиғаныңыз.

Шал ақын

Құдайға құлшылық қыл, Аллаға жақ,

Қабірге бірге түспес мал мен бақ.

Тәңірі алдына барғанда бәрі бірдей,

Патша болып мінсең де алтыннан тақ.

Шал ақын

Күшің бізге жеткенмен – құдайға жетпейді.

Сайф Сарайи
Құдай берейін десе – ақылдының да, ақымақтың да тілегін береді.

Құтып

Дүниеде тек бір құдай ғана мұңсыз.

Жүсіп Баласағұн

Сайтан сүйгенді – құдай сүймейді.

Жүсіп Баласағұн

Көтерген де – тәңірі, ел берген де – тәңірі.

Күлтегін

Әмәнда сауап жаса.

Қожа Ахмет Йассауи

Құран ұстап оңдырмас жалған ғалым.

Қожа Ахмет Йассауи

Тасжүрекке құдай назар салмайды.

Қожа Ахмет Йассауи

Өзі, сезі тазаны қолдайды Жаппар-Аллам.

Қожа Ахмет Йассауи

Шариғаттың шарты – иман.

Қожа Ахмет Йассауи

Алла дегенге жын-шайтан жоламайды.

Қожа Ахмет Йассауи

Алланың ақ жолынан өзге жолда қайран жоқ.

Қожа Ахмет Йассауи

Имансыздар өздерін өлмейтіндей көреді.

Қожа Ахмет Йассауи

Имансыздың көңіл көнегі ешқашан толмайды.

Қожа Ахмет Йассауи

Алланы таны, құдайдан қорық, ынсапты таңда.

Қожа Ахмет Йассауи

Құдайдан қорыққан ынсапшыл келеді.

Қожа Ахмет Йассауи

Дайындаған: Амантай Тойшыбайұлы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған