Алла Елшісінің (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) қызына айтқан өсиеті

Бірде Алла елшісі (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) әйелі Айшаға (Оған Алла разы болсын): «Уа, Айша! Мына 4 нәрсені жасамай:

-Құранды толық оқымай;

-Менің және басқа пайғамбарлардың қолдауына лайық болмай;

-барлық мүміндердің разылығын таппай;

-қажылықты өтемей ұйқыға жатушы болма», – дейді.

Айша (Оған Алла разы болсын) анамыз бұған таңданып: «Әкем мен анаммен ант етейін, мен бұлардың барлығын аз уақытта жасай алмаймын» – дейді.

Сонда Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) күлімсіреп, былай түсіндіреді: «Бұдан артық нендей оңай нәрсе бар, Айша?!

-«Ықылас» сүресін үш рет, «Фатиханы» бір рет оқып, сен Құранды түгелдей оқыған боласың.

– Маған және өзге пайғамбарларға салауат айтып, сен біздің қолдауымызға лайық боласың.

-Алладан барлық мүміндердің күнәсі үшін кешірім тілеп, олардың разылығын табасың.

-Ал «Субханаллах уәл хам дулиллах уә лә иләһа иллаллаһу уахдәһу лә шәрикә ләһ ләһул-мулку уә ләһул-хамду уә һуә алә кулли шәйн қадир» тәсбихін айтып, сен қажылыққа барған боласың»,-деп жауап беріпті.

Дайындаған: Амантай Тойшыбайұлы

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған