Алла кімдерді жақсы көреді?

Алла Тағала Өзін ұмытпай үнемі есінде ұстайтын құлдарын жақсы көреді, ол адамды жақсылықтан мақұрым қалдырмайды. Олай болса, Алланың шексіз, сансыз көп нығметтеріне ие бола отырып, оның әмірлері мен бұйрықтарына немқұрайлы қарау қаншалықты дұрыс?

Негізінде адам кемшіліксіз болмайды. Барлық пенде қателеседі. Алайда қателескенін түсінген сәтте бірден қателігінен бас тартып, өзі сүйетін Раббысынан кешірім сұрайды. Қасиетті Құран Кәрімде:

       «Сондай-ақ олар жағымсыз іс істегендерінде немесе күнәға батып, өз- өздеріне қиянат жасағандарында бірден Алланы еске алып, күнәлары үшін кешірім сұрайды. Күнәларды Алладан басқа кім кешіре алады дейсің?     Сондай-ақ олар біліп тұрып бір істеген күнәні қайта-қайта істемейді» делінген («Әли-Имран» сүресі, 135-аят).

Сондай-ақ: «(Уа, Мұхаммед! Адамдарға): «Егер Алланы (шынымен) жақсы көрсеңдер, маған еріңдер. Сонда Алла тағала да сендерді жақсы көріп, күнәларыңды кешіреді», – деп айт. Алла өте кешірімді, (әсіресе мүмін құлдарына) ерекше мейірімді» – деп Алла Тағаланы жақсы көретін адам Пайғамбарымыздың (с.ғ.с)  соңынан еруі қажеттігі бұйырылған («Әли- Имран» сүресі, 31-аят). Алланы жақсы көрудің пайдасы адамның өзіне тиеді. Сол секілді жақсы көрмеудің зияны да адамның өзіне. Одан Аллаға зәредей пайда немесе зиян келмейді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған