Алматыда Алаш арыстарының құрметіне ас берілді (Фото)

Алматыдағы Ахмет Байтұрсынұлы музейінде Алаш Арыстарының 100 жылдығына арналып ас берілді. Асқа Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы қатысып, Алаш қайраткерлерінің рухына Құран оқып, дұға жасады.

                        1     5 

                         9      2

Осынау асты Qamshy.kz ақпараттық агенттігі ұйымдастырған. Игі шараны журналист Болат Мүрсәлім жүргізді. Шараға Алаштанушы ғалымдар мен зиялы қауым өкілдері, журналистер қатысты. Сондай-ақ, асқа Алматы қаласы әкімінің орынбасары Сұлтанбек Мәкежанов қатысып, Алаш Арыстарына арналған астың Алаш Орданың 100 жылдығын тойлаудың бастамасы екенін еске салып, құтты болсын айтты. 

7

Зиялы қауым өкілдері Алаш арыстарының ғибратты ғұмырлары туралы сөз сөйлеп, естеліктерімен бөлісті. Айта кетер болсақ, сөз алғандардың барлығы Алаштың тойына бастама болып жатқан «Қамшы» порталына, порталдың жетекшісі Біләл Қуанышқа алғыстарын айтты. 

8Шара соңында қонақтарға арналып шағын концерттік қойылым болды.  «Тұран тобы», «Алаш ұлы» тобы, Бибігүл Қилымхан сияқты өнер жұлдыздары әннен шашу шашты.

ҚМДБ Баспасөз қызметі

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған