Алматы және Қостанай облыстары елордадағы жәрмеңкеде өнімдерін ұсынды

 

Осы демалыс күндері жәрмеңкеде Алматы және Қостанай облыстары өз өнімдерін ұсынуда.

Қала тұрғындары азық-түлікті төмен бағамен сатып ала алады.

Барлығы 380 тонна (Қостанай облысы) және 330 тонна (Алматы облысы) көлемінде 100-ден астам өнім түрі ұсынылды.

“Мұндай жәрмеңкелерге әр демалыс күндері қатысуға тырысамын, өйткені еліміздің әр өңірінен шыққан өнімдер әр түрлі. Мұнда баға айтарлықтай төмен. Таңдау үлкен: етінен кәмпитке дейін. Бүгін көкөніс, алма сатып аламын – себебі Алматы аймағы олармен танымал”, – деді елорда тұрғыны Назгүл Байтурсынова.

Ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері әр демалыс күндері 28 қазанға дейін өтеді (“Хан Шатыр” СОО жанындағы алаң»)

14-15 қыркүйек: Павлодар облысы

21-22 қыркүйек: Ақтөбе және Қызылорда облыстары

28-29 қыркүйек: ШҚО және Атырау облысы

5-6 қазан: Қарағанды облысы

12-13 қазан: Павлодар облысы

19-20 қазан: СҚО

26-27 қазан: Ақмола облысы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған