«Алматы Марафоны» жеңімпаздары белгілі болды (Фото)

Алтыншы рет өткізілген “Алматы Марафон” шарасы өз мәресіне жетті. 10, 21, 42 шақырымға жүгіргендер арасында бірінші болып келгендердің және “Экиден” эстафетасының (42 километра 195 метров) жеңімпаздары анықталды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

f409e6b45d7b5383cc0b2a0e03403d0e

15-17 жас аралығында 10 шақырымға жүгіргендер арасында талдықорғандық Данияр Арманғали бірінші болып (00:32:08) келді. Қыздар арасында алтын медальді алматылық Райана Зейналлова жеңіп алды (00:37:59).  19 жастан жоғары жарыста ерлер арасында Максим Крят (00:31:05) бірінші болып келді.

             f52b3cb5681296173d85765e891ced6c   d2ff444c5c7a8e1f876c467cf68d65b9

Қыздар арасында осы марафонға бірнеше мәрте қатысқан  алматылық Надежда Мелькова (00:31:05) жеңіске жетті. 

21 шақырым қашықтықта: ерлер – Алексей Гусаров (1:12:41), әйелдер – Жанна Мамаржанова (01:18:46). Марафондық қашықтықта (42 шақырым 195 метр) ерлер арасында Ресейдің Барнаул қаласынан келген Николай Григоров (02:30:08) бірінші болып келді, екінші орында өскемендік Әмір Байтуқанов (02:33:07), ал елордалық Айдын Қасен қола медальді (02:35:50) иеленді.

                91ba3165043f25bccbb7eca7fb845a03     2bb8c49ee6ea50a1406d54436026f33c

Әйелдер арасында бірінші орынды Полина Репина (03:16:11), екінші Алена Уварова (03:23:07), үшінші орынды Мария Киреева (03:23:11) иеленді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, биыл “Алматы Марафон” шарасына 20 мың адам қатысқан. Көбісі 10 шақырым қашықтыққа жүгірген. 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған