Ана тілін асқақтатқан фестиваль

  Тәуелсіз мемлекетіміздің 25 жылдық мерейтойына арналды

Атырау облыстық тілдерді дамыту басқармасының мәліметі бойынша өңір тұрғындарының 96,9% қазақ тілінде еркін сөйлейді. Орыс тілін меңгергендер 92% көлемінде. Ағылшын тілі де өмірге дендеп қадам басып, үйренгендер саны 10,1 % жеткен. Соңғы үш жылда бұл көрсеткіш 6,3 пайыздан 10,1 пайызға дейін өсіп, атқарылған жұмыстардың нәтижесі көрінуде. Осы бағыттағы бағдарламалардың бірі «Қазтест» бойынша 6700-дей адам қамтылып, облыста көптеген тілдік шаралар өткізілді. Соның бірі Қазақстан халқы тілдері күніне арналған фестиваль облыс орталығында Құрманғазы атындағы Мәдениет сарайында ұйымдастырылды. Биылғы дәстүрлі мереке ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналды. Мерейлі жиынға тіл жанашырлары, еңбек ардагерлері, үздік оқытушылар, тіл мамандары, аудармашылар, студент – жастар мен жоғары сынып оқушылары шақырылды. Салтанатқа жиналған жергілікті сан ұлт өкілдерін облыс әкімінің орынбасары Әлібек Нәутиев құттықтады.

%d3%99%d0%bb%d1%96%d0%b1%d0%b5%d0%ba-%d0%bd%d3%99%d1%83%d1%82%d0%b8%d0%b5%d0%b2-%d0%bf%d0%b5%d0%bd-%d0%be%d0%b1%d0%bb%d1%8b%d1%81%d1%82%d1%8b%d2%9b-%d1%82%d1%96%d0%bb%d0%b4%d0%b5%d1%80%d0%b4%d1%96

– «Қазақстан Республикасының Тіл туралы заңы» қабылданғаннан кейін ана тіліміздің мәртебесі одан әрі асқақтай түсті. Тіл қасиетті ұғым, ұлтымыздың ұлы қазынасы. Ол ғасырлар бойы халқымыздың дәстүрін жоғалтпай, ұлттық болмысымызды сақтап қалуға негізгі тірек болды. Еліміз тәуелсіздігін алған сәттен бастап мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев тілдердің дамуына баса көңіл бөліп келеді. Соның негізінде тіліміз тәуелсіздігіміздің бір тірегіне, мемелекетіміздің басты нышанына айналды. Қазақ тілі бүкілхалықтық қолданысқа еніп, мемлекеттік тіл мәртебесі деңгейіне көтерілді.

Елбасы көп тілді меңгерген азаматтардың болашағына үлкен мүмкіндіктер ашылатынын атап айтқан болатын. Осы бағытта Атырау облысында да көптеген шаралар жүзеге асырылып жатыр,- деген Әлібек Нәутиев қол жеткен нәтижелерге тоқталып өтті.

%d0%bc%d0%b0%d1%80%d0%b0%d0%bf%d0%b0%d1%82-%d0%b8%d0%b5%d0%bb%d0%b5%d1%80%d1%96

Осы жиында облыстағы тіл насихаты жұмыстарына белсене араласып, рухани құндылығымызды байытуға, қазақ тілінің мәртебесін арттыруға, тіл саясатының орындалуына үлес қосып жүрген қызметкерлер мен мамандар марапатталып, ұлығыланды. Олардың бір тобына ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің Құрмет грамотасы табыс етілді. Сондай-ақ бірнеше белсенділер облыс әкімінің, облыстық мәслихаттың, облыстық тілдерді дамыту басқармасының Алғыс хаттарымен марапатталды.

Фестивальда әр түрлі ұлт көркемөнерпаздары өз концерттік бағдарламаларымен қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

                                                                             Светлана Муньянова

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған