Арабтардың қолдауымен дуадақ өсірілуде

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Бәйдібек ауданында «Дуадақ» өсіретін питомник ашылған. Бұл тұқымбақты араб инвесторы Шейх Халифа Бен Заид Әл-Нахаянның бастамасымен ашылған. Шетелдік инвестор аталмыш питомникте атқарылар жұмыстың үшінші кезеңіне 13 млрд. теңге көлемінде қаражат аударған. Бұл үшінші кезеңде жоспар бойынша 15 мың дуадақ жетілдіріліп, табиғат аясына ұшырылмақ.

Жалпы, тұқымбақтың аумағы – 895 гектар. Питомникте дуадақтар жасанды жолмен көбейтіледі. Тұқымбақта жергілікті 156 адам жұмыс істеп, өз нәпақасын айыруда. Алдағы уақытта жұмысшылар қатарын 400-ге жеткізу жолы қарастырылуда.

Мұндай ерекше тұқымбақ дүние жүзінде үш-ақ елде бар екен. Олар Қазақстан, Біріккен Араб Әмірлігі, Марокко мемлекеттері. Питомникте өсірілген дуадақтар негізінен ауданға көршілес Созақ өңірінің Бетпақ даласына жіберілуде. 2010-2017 жылдар аралығында Қазақстан табиғатына 2 мыңға жуық дуадақ жіберіліпті. Бұл да болса жоғалуға шақ қалған құстардың қайта көбейіп, табиғат тепе-теңдігінің қалпына келуіне септігі зор.

     С. Сайлау,

Оңтүстік Қазақстан облысы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған