Арқа төрінде – Әміре бейнесі

Бүгін Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры Бейбітшілік пен Келісім сарайы сахнасында Арқа жұртшылығының назарына  «ӘМІРЕ» драмасының премьерасын ұсынады. Туынды қазақтың тұңғыш драмалық тенор дауысты біртуар әншісі Әміре Қашаубаевтың (1888-1934 жж.) қамшының сабындай ғана қысқа да, жарқын ғұмырын баяндайды. Спектакль дарынды әншінің Мұстафа Шоқаймен кездесуі, музыка зерттеушісі, әйгілі Ромен Ролланмен танысуы мен әншінің отанына оралғанда бастан кешкен сынақтары туралы сыр шертеді.

Режиссері: ҚР еңбек сіңірген қайраткері – Нұрлан Жұманиязов
Авторы: Р.Отарбаев

БАСТАЛУЫ: 18.30
Өтетін орны: Бейбітшілік жəне келісім сарайы

Билеттер бойынша ақпарат:
32-36-24
74-46-50
8778 881 89 84

Онлайн билеттер: www.ticketon.kz www.besmart.kz www.biletbar.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған