Асанәлі Әшімов – Оңтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы

Оңтүстік Қазақстан облыстық «Жастар ресурстық орталығында» Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Асанәлі Әшімовтың «Аңызға айналған Асанәлі» атты шығармашылық кеші өтті.

Шараға облыс әкімі Жансейіт Түймебаев арнайы қатысып, ұлттық сахна және киноөнерінің дарабозы, аты аңызға айналған біртуар тұлғаны 80 жылдық мерейтойымен арнайы құттықтады.

«Осынау мерейлі күнде елімізге сіңірген адал да абыройлы еңбегіңіз үшін шынайы алғыс сезімімді білдіремін. Сізге Оңтүстік Қазақстан облысы тұрғындарының атынан, миллиондаған жанкүйерлеріңіздің атынан «Оңтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы» атағын табыс етуге рұқсат етіңіз. Сізге зор денсаулық, жаңа шығармашылық табыстар, отбасыңызға береке, баянды бақыт тілеймін»,- деді Жансейіт Қансейітұлы.

Аймақ басшысы мерейтой иесінің иығына қазақы шапан жауып, астына ат мінгізді.

5b734ce7-e793-4632-8fe6-ff4f366b136a

Кеш Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясы студенттері «Аңызға айналған Асанәлі» атты театрландырылған музыкалық қойылымымен жалғасты.

                     c8f0e0b9-ee35-4fd8-968d-69176a82c990    fda17efd-db76-4210-b388-5629206ea77d

                     78d1e693-3d01-454d-bdab-55bb49aadd99    95a90c60-8093-4909-8ef0-ed94f6ab4c19

Айта кетейік, Асанәлі Әшімов 1961 жылы Қазақтың Мемлекеттік Құрманғазы атындағы Ұлттық консерваториясының театр факультетін актер мамандығы бойынша бітіріп, «Қазақфильм» киностудиясына жұмысқа қабылданды. Актер ойнаған «Ән қанатында», «Қыз Жібек», «Атаманның ақыры», «Транссібір жүрдек поезы», «Жаушы», «Нан дәмі», «Қазақы оқиға», «Сіз кімсіз, Ка мырза?», көп сериялы «Бұлғарлар туралы баян» фильмдері қазақ киносының дамуына зор үлесін қосты.

Атақты актер театр сахнасында М.Әуезовтің «Абайын» Керім, «Еңлік-Кебегінде» Кебек, «Қара қыпшақ Қобыландысында» Айшуақ, «Таңғы жаңғырығында» Жарасбай, Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш – Баян сұлуында» Қодар, Қ.Мұхамеджанов, Ш.Айтматовтың «Көктөбедегі кездесуінде» Иосиф Татаевич, Шекспирдің «Юлий Цезарінде» Юлий Цезарь, М.Фриштің «Дон Жуанның думанында» Дон Жуан, Ә.Нұрпейісовтің «Қан мен терінде» Еламан сынды кейіпкерлерін сомдаған. Одан бөлек Г.Гауптманның «Ымырттағы махаббат» драмасындағы доктор Клаузен рөлін асқан шеберлікпен сомдап, театр тарихынан ойып орын алған тұлға.

36f03419-2f99-4f64-953d-c66696cfb04f

Сексеннің сеңгірін бағындырған тұлға кино мен театр өнеріне сіңірген еңбегі үшін Кеңес Одағы және Қазақстанның халық әртісі, Кеңес Одағы және Қазақстан Мемлекеттік сыйлықтарының, тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының лауреаты атанып, «Отан», «Құрмет» ордендерінің, ЮНЕСКО-ның әлем киносы алдындағы еңбегі үшін берілген «Алтын қыран» орденін иеленген.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған