Астанада республикалық әкелер форумы өтуде

Елорданың Оқушылар сарайында Астана әкімдігінің және ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның қолдауымен І Республикалық әкелер форумы өтуде.

Шараның мақсаты – бала тәрбиесіндегі әке рөлін дәріптеу, отбасы институтын нығайту және тиісті отбасылық тәрбие мәселелеріне қоғамның назарын аудару.

Форум жұмысына Парламент депутаттары, қоғам қайраткерлері, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдар, және еліміздің барлық аймақтарынан ата-аналар қоғамының өкілдері қатысуда.

«Форум республикалық деңгейде алғаш рет өтіп отыр. Алайда шараны өткізудің басты идеясы осыдан үш жыл бұрын Астана қаласының №59 мектебінің базасында пайда болған. Осы уақыт ішінде әкелердің екі қалалық слеті өткізілді. Бүгінгі күні шараның ауқымы ұлғайып отыр. Бұл форум  бала тәрбиесіндегі әкелердің беделін арттыруға ықпал етіп, отбасылық құндылықтардың дамуына және нығаюына серпін беретініне сенімдімін», – деді Астана қ. Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев.

Форум шеңберінде әр аймақтан келген әке-делегаттарға Ұлттық комиссияның атынан дипломдар табыс етілді. Түстен кейін қатысушылар дөңгелек үстел басында кездесіп, әке институтын дамытудың өзекті мәселелерін талқылайды.

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған