Астанада «Фриули мозаикасы» көрмесі өтіп жатыр

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде итальяндық мозаика мектебі шеберлерінің «Фриули мозаикасы» атты көрмесінің ашылу салтанаты өтті. Көрмені Италияның Қазақстандағы Елшілігі мен Ұлттық музей бірлесіп ұйымдастырды деп хабарлайды қазыналы орданың жұртшылықпен байланыс бөлімі.

Шараға Ұлттық музей директоры Дархан Мыңбай, Италия мемлекетінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі  Стефано Раваньян, Әбілхан Қастеев атындағы бейнелеу өнері және техникалық дизайн мектебінің директоры Есенова Ханзада және музей қонақтары қатысты.

                     _nik8574   _nik8598   _nik8619

Ұлттық музей директоры Дархан Мыңбай: «Мозаика – көнеден, сонау антика дәуірінен келе жатқан өнер. XIV-XV ғасырдағы Қожа Ахмет Яcауи кесенесінде осы мозайканың шығыстық үлгісі бар. Осының барлығы бұл өнердің өте күрделі және көне өнер түрі екенін айғақтайды. Осындай керемет көрмені ұйымдастырған  Италия елшілігіне алғыс білдіргім келеді» деп ұйымдастырушыларға алғысын білдірді және де қонақтарды көрмеден рухани ләззат алуға шақырды.

Өз кезегінде Италия мемлекетінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі  Стефано Раваньян: «Көрмені ұйымдастыруға жағдай жасаған Ұлттық музейге алғыс білдіремін. Бұл музей – біздің мозаикаларымызды көрсетуге таптырмайтын орын. Оның үстіне көрме  Италия мен Қазақстан арасындағы мәдени байланыстың арқасында жүзеге асып отыр. Бұл көрме бірлесіп жұмыс атқарудың алғашқы бастаулары. Ендігі жерде қазақстандық студенттер Италияға барып, мозаиканың қыр-сырын толықтай меңгере алады», деп бұдан ары өзара қарым-қатынастың беки түсетіндігін атап өтті.

d4s_2027

Көрмеге арнайы келген Италиядағы Cпилимберго қаласының мэрі Ренцо Франческони мырза: «Аталған экпонаттар – біздің мозайка мектебінің ең үздік туындылары. Және де барлығы біздің студенттердің қолынан шыққан. Студенттер өздерінің туындыларын әлемге таныту мақсатында бізге ұсынып отыр», деп көрменің маңыздылығына тоқталып өтті.

                                 d4s_2043  d4s_1922

Көрмеге келушілер алтын және платинамен қапталған майолика бұйымдарымен танысты. Олардың қатарында түрлі өрнектермен безендірілген вазалар, табақтар, құмыралар, екі сапты графиндер, тегештер, үлкен шамдалдар, құмғандар, қобдишалар, барокко сағаттары сынды заттар бар. Қонақтар назарына барлығы 70-ке жуық керамика бұйымдары ұсынылды.

_nik8570

Естеріңізге сала кетейік, көрме қарашаның 28-ші жұлдызына дейін жалғасады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған