Астанада қолжетімді баспана жеке инвестициялар есебінен жүзеге асырылады – Алтай Көлгінов

Нұр-Сұлтанда қолжетімді баспана бойынша салынатын тұрғын үй құрылысының саны үш есеге өседі. Бұл туралы бүгін қала әкімі Алтай Көлгінов Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға арналған қалалық активтің жиынында мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Елордада тұрғын үй кезегіне тұрушылардың саны жыл сайын артып келеді. Биыл жаз айының басында 46 мың астаналық үй кезегінде тұрса, қыркүйекте бұл көрсеткіш 47,5 мыңға жетіп отыр. Осыған орай келесі жылдан бастап қолжетімді баспана бойынша салынатын тұрғын үйлердің көлемі 3 есеге артатын болады. Бүгінде дайындық жұмыстары басталды», – деді елорда әкімі Жолдауды талқылауға арналған жиын барысында.

Оның сөзінше, үй кезегінде тұрған аз қамтылған және көпбалалы отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету күн тәртібіндегі маңызды мәселе.

«Біз бар салмақты бюджетке салғымыз келмейді. Сондықтан қолжетімді баспананы жеке инвестициялар есебінен жүзеге асыруды көздеп отырмыз. Жақында ғана тағы бір тұрғын үй салу комбинатының өз жұмысын бастағанын білесіздер. Қолжетімді баспанамен қамтудың басты сегменгті ретінде осы комбинатты қарастырып отырмыз», – деді Алтай Көлгінов.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған