Астананың үш колледжі мамандықты тегін оқытады

Қала әкімінің орынбасары Андрей Лукиннің төрағалығымен Астана қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту мәселесі бойынша ведоствоаралық комиссиясы техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау үшін еңбек нарығын ескере отырып, тегін оқыту курстар тізімін бекітті.

 

Атап айтқанда, электргаздәнекерлеуші, слесарь-су құбыршысы, наубайшы, кондитер, тігінші, есепші және т.б, деп жазады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Сондай ақ, шара барысында «сауда менеджері» мамандығы және компьютерлік сауат ашу дағдылары бойынша қысқа мерзімді оқыту курстарын ұйымдастыратын білім беру ұйымдары анықталды. Барлығы өздерінің мүмкіндіктерін 5 оқыту ұйымдары мен колледж өкілдері таныстырды. Кеңестің қортындысы бойынша комиссия мүшелері 3 білім беру ұйымын іріктеп алды. Нақтылап айтқанда, «Еуразия гуманитарлық институтының колледжі» мекемесі, «Астана қаласы менеджмент және бизнес колледжі» ЖШС және «АСУ» Гуманитарлық техникалық колледжі».

Ведомствоаралық комиссия мүшелерінің құрамына қалалық маслихат депутаты, Халықты жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау, білім беру, кәсіпкерлік және өнеркәсіп, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармаларының, Халықты жұмыспен қамту орталығының және Астана қаласы бойынша Кәсіпкерлер палатасының өкілдері кіреді.

Еске сала кетейік, 2017 жылы Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында ТжКБ мамандықтары бойынша 1050 адамды тегін кәсіби оқытумен қамту көзделген. Одан басқа, ресми жұмыссыз ретінде тіркелген 500 адам қайта даярлау және даярау курстарынан өтпек.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған