Астана күні құтты болсын!

«elana.kz» сайтының ұжымы барша Қазақстандықтарды Астана күні мерекесімен құттықтайды! Кемел келешекке бет алған жалынды шаһар, алтын айдарлы тауық жылында өзінің 19 көктемін тойлап жатыр. Қазіргі таңда азат елдің астанасы, Алаштың байтағы күн санап өсіп, кемелденіп келе жатыр. Бұл жер бетіндегі исі қазақ атаулының жалғыз отаны- тәуелсіз Қазақстанның ғасырлар тоғысындағы аса ұлы тарихи шешімінің нәтижесі. Уақыт керуенімен жарысып, түрленіп, құлашын кеңге сермеп өсіп келе жатқан Астанамыз, күллі адамзаттың тамсана көз тігетін тарихи әрі маңызды саяси орталықтарының біріне айналып келеді. Бұл жаратушы иеміздің Алаш баласына берген нығыметі есепті. Бөрілі байрағын желбіретіп, еуразияның апай төсін тұлпарының тұяғымен тоздырған ер түріктің мұрагері-қазақ баласының жаңа ғасырдағы ат байлар алтын діңгегі болмақ. Ендеше бөркімізді аспанға атып неге қуанбаймыз?! Бабалар аңсаған азаттық біздің маңдайымызға бұйырыпты. «Жағасына Есілдің ел қондырсам деп едім»-деген хандарымыздың да арманы біздің дәуірімізде, жүзеге асыпты. Тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын, қазақтың маңдайындағы бақ жұлдызы Астанамыз мәңгілік болсын! Алла тағала әрбір қазаққа, осы сүйікті шаһармен мақанып жүретін абырой нәсіп етсін!

«elana.kz» сайтының ұжымы

2 thoughts on “Астана күні құтты болсын!

  • 06.07.2017 at 12:11
    Permalink

    Астана сөз жоқ бар қазақтың мақтанышы екені даусыз. Деседе қарарайым xалық түсінген ұлы міндетті қолында құзыреті бар ұлықтар мен қазақтың кәсіпкер азаматтары түсінген жоқ. Мемлекет қазынасынан бөлінген қаруар қаражатты жеп құртты. Егер барлығы орнымен жұмсалғанда Астана мынадан кем дегенде екі есе үлкен болар еді…

    Reply

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған