Астық жинау науқаны қызып тұр

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтанов Есіл, Жамбыл, Мамлют аудандарында болып, астық жинау жұмысының барысымен танысты. Бұл жөнінде  «ЕлАна» сайтына облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Өңір басшысы «Атамекен-Агро-Корнеевка» ЖШС алқабында Есіл ауданының шаруаларымен кездесті. Ауданның егіс алқабы 286,6 мың гектарды құрайды. Оның 204 мың гектарынан көбіне астық себілді. Жалпы, есілдіктер егіннің 55%-ын жинап, 36%-ын бастырған. Ауданның орташа өнімділігі гектарына 16 центнерді құрайды. Алайда, бөлектей алғанда кейбір шаруашылықтарда бұл көрсеткіш әлдеқайда жоғары. Мысалы, «Атамекен-Агро-Корнеевка» ЖШС-нда өнімділік көрсеткіші гектарына 20 центнерді құрайды.

«Бүгінгі таңда біз егіннің 65%-ға жуығын жинадық, сондай-ақ арпа мен бұршақ, зығыр жинау жұмысы аяқталуға жақын. Осы жылы 2017 жылдың өнімі үшін мың гектар күздік тұқым отырғыздық. Олар: бидай, арыш, тритикале. Астықты жинаудан бөлек, алқаптарды гербицидтермен өңдеу жұмыстарын жүргзіп, топырақты келесі жылға дайындап жатырмыз», – деді «Атамекен-Агро-Корнеевка» ЖШС директоры Николай Бабак.

DSC_1037

Шаруалармен кездесу барысында Ерік Сұлтанов егін жинау науқанын бағалап, ауылды абаттандыру жұмыстарының жай-күйімен танысты. «Прометей-Агро» директоры Юрий Шоль хоккей қорбшасының құрылысы жүргізіліп жатқанын айтты. Нысан осы жылдың желтоқсан айында пайдалануға берілмек. Өңір басшысы елді мекендегі жастардың тәрбиесіне, дамуына үлкен әсер ететін спорт нысандарын салуға жеткілікті назар аударудың қажеттігін атап өтті.

Сондай-ақ Есіл ауданында Ерік Сұлтанов «Фрегат В.В.» ЖШС, «Кантемир-Агро»ЖШС-нің өнім жинау жұмысының барысымен танысты.

Жамбыл ауданына жұмыс сапары «Идея Групп Север» ЖШС алқаптарын аралаудан басталды. Мұнда диқаншылардың алдында 3 мыңнан астам гектарды жинау жұмысы тұр. Өңір басшысы «Фирма МАК» ЖШС астық қабылдау кәсіпорынының жұмысымен және алқаптарымен танысты.

DSC_1238

«Жалпы аумағы 5 мың гектардан астам. Оның 1500 гектары екпе пар үшін, қалғанында бидай, зығыр, арпа өсіріледі. Бүгінде зығырдың өнімділігі гектарына 20 центнер, ал бидайдыкі гектарына 22-23 центнер», – деді ЖШС басшысы Ғали Құсаинов. «Мәмбетов және К» командиттік серіктестігінде де егін жинау науқаны қызу жүрргізілуде. Мұнда бидай 14 мың гектарға себілген, бүгінде 45%-ы жиналған. Өнімділігі гектарына 20 центнер. Кәсіпорынның мал шаруашылық кешенінде ірі қараның 600 басы бар. Сондықтан егін жинаумен қатар, жем-азық дайындау да белсенді жүргізілуде. «Кулик Н.П.» ЖШС алқаптарында шаруалармен кездескен Ерік Сұлтанов егін жинау жұмыстарын белгіленген уақытта аяқтау керектігін атап өтті.

                                                                     DSC_1087  DSC_1114

Сонымен бірге,  Мамлют ауданында облыс әкімі КТ 22 «Становое-Новомихайловка-Раздольное» облыстық маңызы бар жолының ағымдағы жөндеу жұмыстарымен танысты. Өңір басшысы жұмыс сапарын Чистое селосында аяқтады. Мұнда көктемгі су деңгейінің көтерілуінен Береговой көшесінің бөлігін су басқан болатын. Ондағы 9 тұрғын үйдің 8-іне су бақшалар мен шаруашлық құрылыстарына кірген. Тұрғын үйдің өзі көктемгі су басудан жапа шеккен жоқ. Облыс әкімі Ерік Сұлтанов аталған үйдің тұрғындарымен кездесіп, әңігмелесті.

Алдағы уақытта төтенше жағдайларды болдырмау үшін 7 отбасына 2,2 млн. теңге көлемінде қаражат бөлінді. Бұл қаражат осы ауылдан үй сатып алуға арналған. Бүгінде 3 отбасы көшірілген, ал 4-і алдағы уақытта көшпек. Ал қалғандары көрші елді мекендер мен облыс орталығына қоныс аудармақ ниетте.

                                                                     DSC_1067   DSC_1051

 «Бізге үй үшін өтемақы төленді. Биліктің бізді назардан тыс қалдырмай, көңіл бөлгені үшін ризамыз. Жақын арада қалаға көшуді жоспарлап отырмыз. Өзіміз де көшкелі отыр едік», – деді село тұрғыны Владимир Жигулев.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған