Атақты психолог Карл Юнг айтқан қанатты сөздер

Карл Густав Юнг көңілді көтере білетін психолог әрі пәлсапашы деуге болады. Кез келген невроз бен күйзелістен ол сананы жетілдірудің тынысын сезе білген.

1. Кетем дегенді ұстама. Әйтпесе, саған келем деген жете алмас.

2. Өзгенің бойындағы жақпайтын қылықтардың бәрі өзіңді тануға жетелейді.

3. Егер сіз дарынды адам болсаңыз, елден ерекпін дей алмайсыз. Дарынды болу берешегіңіз бар деген сөзді ғана білдіреді.

4. Екі тұлғаның кездесуі екі химиялық элементтің араласуы сынды: аздаған реакция болса, екі элемент те өзгереді.

5. Баланың мойнына жүктелетін ең ауыр жүк: ата-анасының сүрмеген өмірі.

6. Өзгенің бойындағы ұнамаған қылықтардың бәрі өзімізді түсінуге көмектеседі.

7. Жүрегіңнің түбіне үңіле білсең ғана қырағы бола аласың. Сыртына қараған адам – тек түс көреді, ішіне үңілген – оянады.

8. Жалғыздық айналаңда адам жоқтықтан емес, адамдармен саған маңызды көрінер нәрселер туралы сөйлесе алмайтындығың, не сенің көзқарасыңның өзгелер үшін мүмкін еместігімен түсіндіріледі.

9. Маған жаны сау адамды көрсетіңдерші, мен оны емдеп берейін.

10. Біз кейінге – ата-анамызға тартыламыз және келешекке – балаларымызға ұмтыламыз, оны ешқашан көрмейтін болсақ та, оның қамын жейміз.

11. Сен қарсыласқан дүние сол қалпы тұра береді.

12. Күйзеліс қара жамылған әйел сияқты. Егер ол келсе, қуып жіберме, дастарқанға шақырып, алдына асыңды қой, не дейтінін тыңда.

13. Кейде санаң жетпеген жұмбақты қолдарың шешеді.

14. Түс көру — ұқыпты түрде жасырылған есік, ол есіктің артында адам жаны өзі пайда болмай тұрған кездегі ғаламдық түннің түндігін жасырған.

15. Өз құмарлығының тозағынан өтпеген адам оларды жеңе алмас.

16. Өз жаныңның тереңіне үңіле алған кезде ғана көңіл көзің қырағылана түседі.

17. Мен – менімен болған жағдай емеспін, мен – кім болуымды шеше білген жанмын.

18. Өзімізді толық бақылауда ұстай аламыз деп ойлауымыз мүмкін. Бірақ дос деген біз туралы тіпті түсімізге де кірмеген шындықты айтып бере алады.

19. «Сиқырлы» — психиканы білдіретін балама сөз.

20. Біздің жанымыз қоршаған әлемнің бір бөлшегі, сондықтан оның да құпиясы шексіз.

Аударған Шынар Әбілдә

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған