Ата-аналардың балалармен дұрыс қарым-қатынасы – адамның өмірдегі жетістіктерінің негізі

«Қазіргі білім: гуманитарлық пәндерді оқытудың қолданбалы аспектілері» атты Республикалық әдістемелік семинар шеңберінде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының қызметкерлері авторлық ұжымда «Педагог кеңесі» атты жинақты ұсынды.

Тұсаукесерге авторлық топ өкілдері Академия доценттері Бүркіт Нұрмағамбетов және Бауыржан Есімсейітов қатысты.

%d0%b1-%d0%bd%d1%83%d1%80%d0%bc%d0%b0%d0%b3%d0%b0%d0%bc%d0%b1%d0%b5%d1%82%d0%be%d0%b2

Авторлардың пікірі бойынша «құрал бала тәрбиесінің барлық жақтарын қамтиды, әр адам кітапты оқи отырып, өзіне қажетті жаңа және бағалы ақпарат алады. Онда берілген кез-келген кеңес ата-аналарға, әр жастағы балаларға, жалпы қызмет барысында бала тәрбиесімен айналысып жүрген педагогтар үшін пайдалы».

Кітапта ата-аналардың өз балаларымен қарым-қатынасының, сонымен қатар атақты педагогтардың, психологтардың, көрнекті қоғам қайраткерлерінің керемет әдістемелері жинақталған. Кітаптың негізгі айтары – ата-аналардың балалармен дұрыс қарым-қатынасы адамның барлық өміріндегі жетістіктерінің негізі болып табылады. Балаларға дұрыс тәрбие беру арқылы, ата-аналар оларға психологиялық қалыпты жағдай ғана жасап қоймай, қоғамда өз жолдарын адаспай табуларына және әлемде зорлық пен қамығуды білмей өсулеріне көмектесетіндігін авторлар баса айтады.nrwe6810

Балалар білімді қызықты және негізгі іс деп есептеуі, мектеп қабырғасынан шыққанда үлкен өмірге дайын болуы үшін: өздеріне сенімді, қарым-қатынасқа бейім, шығармашыл, өздерін қорғай білетін және басқа адамдарға құрметпен қарауы үшін не істеу керек? Баланың оқуға деген құлшынысының жойылмауы үшін ата-аналар не істей алады? Осы және басқа да көптеген сұрақтарға жауапты жинақтан табуға болады. Сонымен қатар баланы өзіне қалай жақындатуға болатыны, оның сеніміне ие болу, өз көзқарасын қалыптастыру, салауатты өмір салтын ұстану туралы және т.б.  кеңестер бар. Ата-аналар жиі ұшырасатын нақты проблемаларды шешу бойынша егжей-тегжейлі кеңестер берілген , – деп атап өтті спикерлер

Жинақтың қосымшасында оқырмандарға қазіргі қоғамға лайықты азаматтың қалыптасуында кездесетін өзіндік даму, тәрбие және білімге қатысты сұрақтарды шешуге көмектесетін мәтіндер мен мақалалар берілген.

Бас прокуратураның жанындағы

Құқық қорғау органдары академиясының

баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған