Notice: Constant WP_DEBUG already defined in /var/www/www-root/data/www/minialgo.kz/wp-config.php on line 52
Атырауда Билер кеңесінің Жарғысы жасақталды – “ЕлАна” әлеуметтік, қоғамдық-танымдық сайты

Атырауда Билер кеңесінің Жарғысы жасақталды

Атырау облыстық сотында өңірде «Билер кеңесі» консультативты – кеңесші қоғамдық органын құру бойынша бастамашыл топтың отырысы өтті.

Оның жұмысына облыстық сот төрағасының міндетін атқарушы Манат Комиршинов, татуластыру рәсімдері бойынша үйлестіруші-судьялар, сондай-ақ, Қоғамдық кеңестің, Ардагерлер кеңесінің, Қоғамдық келісім кеңесінің, Аналар кеңесінің, этно-мәдени бірлестіктердің төрағалары мен мүшелері, Әділет Департаменті, әкім аппараты, ішкі істер саясат басқармасының басшылғы мен доғарыстағы судьялар қатысты.

Күн тәртібіне сәйкес, қатысушылардың алдына қоғамдық бірлестік Жарғысы жобасын талқылау, оны мемлекеттік тіркеу үшін Әділет органына жолдау, сонымен қатар, жаңадан құрылатын Кеңестің мүшелерін анықтау мәселелері қойылды.

Өз сөзінде М.Комиршинов Кеңес келесі міндеттерді атқару керек деді. Олар медиация институтын біріктіру, билер институтын жаңғырту және азаматтық, қоғамдық бірліктің, қоғамдағы бүкілхалықтық бірліктің қағидаты негізінде қазақстандық бірегейлікті жетілдіру.

Жарғыға сәйкес, Кеңестің негізі жұмысы болып, өңірдегі қалыптасқан ахуалды, сонымен қатар әлеуметтік және өзге де дау-жанжалдарды шешу бойынша талдау жүргізу, қазақтың қарапайым құқығын қолдану арқылы тұрғындардың арасында пайда болған дауды шешу бағытында тәжірибелік көмек көрсету, бүкілхалықтық ынтымақтастықты және қоғамдық бірлікті, тұрақтылықты нығайту, сонымен қатар қоғамдық институттар мен мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіру бойынша ұсыныстарды енгізу, “Татуластыру: сотқа дейін, сотта” жобасын жүзеге асыру және оны насихаттау көзделген.

Отырыс барысында қатысушылардан Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша бірқатар ұсыныстар түсіп, олардың басым бөлігі қатысушылармен қолданды.

Бастамашыл топтың өкілдері аталған Кеңесті ресми сипатта ғана қалдырмауға шақырып, ортақ іске адал қарауға келісті. Жақын арада Жарғы бекіту үшін Әділет Департаментіне жолданады, мемлекеттік тіркеуден өткеннен соң Кеңес өз қызметін бастайды.

                  Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған