Атырауда селолық округ әкімдері  «Мемлекеттік басқару жүйесіндегі менеджмент»  тақырыбында жоба қорғады

Әр аудан бойынша 8 жоба ұсынылды.

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы Атырау облыстық филиалында “Мемлекеттік басқару жүйесіндегі менеджмент” тақырыбындағы 4 күндік оқу семинары қортындысы бойынша жоба қорғау және сертификат беру шарасы өтті.

26-29 қараша аралығында болған семинарға қала, аудан, селолық округтер әкімдері қатысты. Шараны мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясы Атырау филиалы, облыс әкімдігі бірлесіп ұйымдастырды.

Мақсаты-әкімдердің практикалық дағдылары мен құзіретін дамыту, жобаларды басқару, түйткілді мәселелерді шешу, жергілікті бастамалар мен бағдарламаларды тиімді жүзеге асыру.

– Мемлекеттік басқару жүйесінде менеджмент тақырыбы бойынша бірқатар жобалармен таныстық. Әр жоба жоғары деңгейде қорғалды. Барлық тақырыптар өзекті. Сіздерге осы жобаларды іске асыру үшін көп жұмыстану керек. Осы семинар жұмыстарыңызға тың серпіліс беріп, біліктіліктеріңізді көтерді деген ойдамын, – деді Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Шапкенов.

Айта кетейік, семинар қортындысында 43 мемлекеттік қызметші тиісті сертификаттарын алды.

                              Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған