Атырауда «Халел Досмұхамедов – Ұлы мұрат жолында» Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті

Конференция Қоғам қайраткері, профессор Халел Досмұхамедовтың 135 жылдығына орай ұйымдастырылды, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Алаш қозғалысы көсемінің еңбектері мен ғылыми дара жолын талдау үшін Ташкент, Ресей, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан мемлекеттерінен және Қазақстанның бірқатар қалаларынан ғалымдар мен профессорлар мұнайлы астанада бас қосты.

Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев қатысқан пленарлық мәжілісте Халел Досмұхамедұлының еңбектерін баяндаумен қатар, ғалым еңбектерін жастар арасында насихаттау мәселесі сөз болды.

– Қазіргі жаһандану кезеңінде де сонау жылдары Халел Досмұхамедов бастаған Алаш зиялыларының бастамалары мен идеялары, ел,жер, тәуелсіздік тарихи әрқашан санамызда жаңғырады. Профессордың ғылыми өмірін, оған қатысты барлық мағлұматтарды игерген мамансыздар. Жаңа білім мен жаңашыл ойлар талқыға түсіп, бүгінгі көтерілген мәселелер конференция қорытындысы бойынша шешімін табатынына сенемін, – деді аймақ басшысы.

Конференция аясында шет елден келген және жергілікті мамандар баяндамаларын оқып, ортақ ой тастап, профессордың ғылыми жолындағы деректерді жаңғыртты.

Жиыннан соң келген қонақтар қаладағы арнаулы оқу орындарында «Халелтану» курстарын өткізіп, студенттерге арнайы дәріс оқыды.

Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған