Атырауда 222 оқушы облыс әкімінің грантына ие болды

Бүгін Атырау облысы әкімінің білім грантын беру жөніндегі комиссияның отырысы өтті.

Жиында жергілікті жердегі кадр тапшылығын шешу мақсатында облыс әкімінің 222 білім гранты бөлінгені белгілі болды.

Нақтырақ айтсақ, педагогика саласы бойынша – 178, медицина бойынша – 35, ауыл шаруашылығы бойынша – 9 талапкер әкім грантына ие болды.

Гранттан үміткер түлектердің құжаттары сарапталған отырыстың қорытындысы бойынша облыс әкімі Нұрлан Ноғаев қарамағындағыларға аймаққа қажетті кадрларды дайындау жұмысын алдын ала жоспарлау қажеттігін естеріне салды.

Грант иегерлерінің тізімі аптада облыстық БАҚ-та жарияланады.

egemen.kz

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған