Атырауда 2500-ден аса адам бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысты

Атырауда жастар еңбек биржасы ұйымдастырған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі  «Apec Petrotechnic» жоғары колледжінде өтті. Жәрмеңкеге 30-ға жуық мекеме қатысып, 600-ге жуық бос жұмыс орындары ұсынылып, түйіндемелері қабылданды.


Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталған шара жастардың, қала тұрғындарының жұмыспен қамтылуына ықпал ету, әлеуметтік-экономикалық жағдайының көтерілуіне жағдай жасау, жұмыссыздықтың статистикалық көрсеткіштерін төмендетуге бағытталған.
-Бұл жоба өңірде жыл сайын өткізіледі. Жыл сайын жұмысқа тұрушы жастар саны өсуде. Бұл жолғы жәрмеңкеге 2500-ден аса адам қатысты, олардың барлығы өтініш беріп, жұмысқа тұру үшін түйіндемелерін қалдырды,-дейді Жастар ресурстық орталығының басшысы Серік Қадыров.
Айта кетейік, өткен жылғы жәрмеңкеге 20-дан астам мекеме қатысып, 1200-ден аса адам жаңа жұмыс орындарына түйіндеме тапсырған болатын. Нәтижесінде 250-ге жуық адам жұмысқа орналасқан болатын.

                                                                Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.