Атырау облыстық әкімдігі Қалмақ Республикасы Үкіметімен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы Президенттерінің қатысуымен өткен Қазақстан мен Ресей арасындағы ХV өңіраралық ынтымақтастық Форумы аясында  Атырау облыстық әкімдігі мен Қалмақ Республикасы Үкіметі арасында серіктестік туралы Келісімге қол қойылды.

Атырау облысы тарапынан аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев, Қалмақ Республикасы  Үкіметі тарапынан Республика басшысы Алексей Орлов келісімге қол қойды. Келісім сауда-экономикалық байланыстарды орнату үшін екіжақты қарым-қатынасты дамытып,  жағдай жасауға бағытталған.

– Туризм саласында өңіраралық ынтымақтастық бастамаларды қолдауға, туристік ресурстарды тиімді пайдалануға, әр аймақтағы табиғи, мәдени мұраларды насихаттауға бағытталады, – дейді Атырау облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Айхын Елеусізов.

Атырау облысының делегациясы Петропавлда өткен өңіраралық ынтымақтастық форумының жұмысына қатысып оралды.

Делегация құрамында өңірдің кәсіпкерлері, туристік фирмалардың, жергілікті тауар өндірушілердің, “Атамекен” ҰКП өкілдері, сондай-ақ облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының өкілдері болды.

Форум жұмысына Қазақстан мен Ресейден екі мыңнан астам адам қатысты.

Атырау облысының Өңірлік коммуникация қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған