Атқамінер бауырларға ұсыныс…

-ҚУАНЫШ АҒА, сізге төтесінен айта салайын: орныңызды жастарға беріп, немере-шөбереңіздің ортасына барыңыз. Кемел жасқа келіп, кемеңгер қария атанудың орнына, елдің келеке-мазағына айналып жүрсіз. Қауашағы бар адам түсінеді: “әдемі қартаю” да даналықтың белгісі…

3

-АРЫСТАНБЕК, ата-анаңыз ырымдап, сізге “аң патшасының” атын бекер қоймаған болар? Арыстан циркте ғана өмір сүрмейтінін ескеріңіз. Саяси саxнаның “сайқымазағы” болып, қашанғы жүрмексіз? “Жақсы ит өлігін көрсетпейді” дейді ғой. Зоопарктің торқамағында отырған аң емессіз, қадіріңізді қашырған қызметтен өз еркіңізбен кетсеңіз, өте дұрыс болар еді.

4

-БЕКБОЛАТ, кей жазбамда қатты кетіп қалғанымды сеземін. Артық айтсам, ғафу өтінемін. Менің аузым жабылғанмен, дәл сіз үшін ештеңе өзгере қоймас? Өйткені, “екі аяқты” Бекболаттың абыройын басқа емес, “төрт аяқты” Бекболаттың өзі төгіп жатқан жоқ па? Намыс – сіз шығарған журналдың аты ғана емес, Беке… Ол әр жігіттің бойынан табылатын азаматтық қасиет. Сол қасиетті аяғыңмен таптай бермесеңші. Депутаттық мандатыңды тезірек тапсырып, өнер ордасына орал. Әлі де кеш емес…

2

Айтпақшы: Жоғалған абыройды “госзаказбен” қайтара алмайсыздар. Оған биліктің буы да, АП-ның звоногы да көмектеспейді.

Серік АБАС-ШАХТЫҢ Фейсбуктегі парақшасынан

One thought on “Атқамінер бауырларға ұсыныс…

  • 07.12.2016 at 07:31
    Permalink

    Серік АБАС-ШАХТЫҢ Фейсбуктегі парақшасынан алынған «Атқамінер бауырларға ұсыныс» -ын оқып, еріксіз қолыма қалам алып отырған жәйім бар. Біреулердің іс әрекетін мінеп сынауға, онша зауқым жоқ пәнде едім. Бірақ, әрбір шектен шыққан әрекеттерге «Аларың қалса да – айтарың қалмасын», – дегендей (Ақсақал ретінде) айтарымды айтпасам, жанымның жәй таппайтыны тағы барды.. Сол үшін де, өзімді соншама толғандырған осы бір мәселе төңірегіндегі ой пікірімді ашық айтуға тура келіп отыр.. «Даудың басы Дайрабайдың көк сиыры», -демекші, бұл мәселе бүгінде халық арасында талқыланып үлкен дау туғызуда екендігі баршаға аян. Тіпті Фейсбуг әлеуметтік желісіндегі азаматтардың парламенттегі осы депуттаттарымызды сынап ашына жазған пікірлерін мыңдап оқуға болады. Белгілі Қоғам қайраткері Амангелді Айталы ағамыз бен Жұмаш Көкбөрілердің пікірін оқып кімнің кім екенін де түсінгендейміз… Ел халқы үкілеп үміт артқан депутаттарымыздың биік мімберден айтар сөзі, ұсынысының тұрқы осы болса жетіскен екенбіз деп қайран қалмасқа шараң жоқ! «Ұлы адамдар не әрекет жасаса, басқалар соған еліктеп соны жасайды», -деген нақыл бар. Біздің осынау лауазымды тұлғаларымыз жақсы әрекеттерімен өзгелерге үлгі көрсете білсе, қоғамымыз да жақсара түспек. Ал осындай «жағымпаз, екіжүзді» жаман әрекеттерімен үлгі танытса, онда қоғам да азғындық құрдымына құлайтыны даусыз. Бүгінгі қоғамымыздың азғындауына осындай өнегесіз теріс үлгі көрсетушілердің тигізіп жатқан әсері аз болмаса керек! Соның тағы бірдәлелі, «Отандық бұқаралық ақпарат құралдарының бәсекелестігі және дамуы мәселелері туралы» өткен Мәжілістегі Үкімет сағатында депутат Бекболат Тілеуxанның фейсбук желісінің Қазақстанда саяси аренаға айналып кеткеніне қынжылыс білдіргені әлеуметтік желі пайдаланушылапдың наразылығын тудыруда! Ол өз сөзінде:
    – «Баяғыда мінбеге шығып, сөз алу үшін, ақпарат тарату үшін дәлелденген еңбегің, қоғамда пікір айтатын беделің болуы керек еді. Баяғыда, ең болмаса пікір айту үшін 100 қойдан 101 қозы алуың керек болатын. Ал қазір ерінбеген етікші, ұялмаған әнші болатын заман туды. Шексіз майдан басталып кетті. Тізесіне ноутбугын қойып ойына келгенін жаза береді. Еліне құрметі қалған жоқ. Мұның бәрі, біріншіден, мәдениеттің жоқтығынан. Тектіліктің болмауынан деп ойлаймын. Мысалы, фейсбук АҚШ-та отбасымен балық аулауға барғандары секілді демалыстарының суретін салатын әлеуметтік желі болып саналады. Ал, бізде, Қазақстан қоғамында бұл саяси аренаға айналып отыр. Осыны ауыздықтау үшін не істеу керек деген мәселе Ақпарат министрлігінің алдында тұр», -депті! Өкінішті-ақ! Кезінде Заманбек Нұрхадылов ағамыздың : «Ақылды билік – наразы халықтың себебімен күреседі, Ақымақ билік – наразы халықтың өзімен күреседі», -дегені осындайда еріксіз есіңе оралады. Сайып келгенде Шәкерім бабамыздың: «Сақ адам сандығын бекіте алады. Есті адам тілін тия алады. Бірақ ешкім ойын тия алмайды.», -дегеніндей жоғарғы билікте отырған лауазымды көкелеріміз осындай маңызды сәттерде, еріккеннің ермегін жасамай, елі үщін, өздерін үкілеп үміт артып сол жылы, жұмсақ орынға отырғызған халқының қамы үшін адал қызмет жасаса екен дейміз!

    Reply

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған