Ауыл шаруашылығындағы бизнесті қаржыландыру күрт көбейді

Шағын қаржыландыру ұйымдарының ауыл шаруашылығына деген қызығушылықтары қайта оянды.

 

2016 жылдың бірінші жартыжылдығында ауыл шаруашылығындағы шағын және орта бизнеске бар болғаны 153 млн теңге бөлінген еді. Ал үшінші маусымда бұл көрсеткіш екі есеге артып, төртінші тоқсанда да өсім сақталды.

Өткен жылдың шілде-қыркүйек айларында 150 млн теңгенің қарызы берілсе, IV маусымда бұл көрсеткіш 193 млн теңгеге жетті.

Осылайша жылдың екінші жартысында берілген несие бірінші жартыжылдықтағы көрсеткіштен 2,2 есеге артық болды.

Соның ішінде ең көп несие алған өңір Оңтүстік Қазақстан облысы.

2016 жылы республика бойынша берілген шағын несиелердің 51 пайызы осы өңірге тиесілі болса, қаржы көлемі бойынша несиелердің жалпы сомасының 21 пайызы осы аймаққа тиесілі.

Дегенмен, ОҚО-да алынған бір несиенің орташа көлемі алдыңғы жылмен салыстырғанда аз. Егер 2015 жылы бір қарыздың көлемі 7 млн теңге болса, 2016 жылы бұл көрсеткіш 368 мың теңгені құрады.

naryk.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған