Ауыл әкімі Қостанайды қазақыландыру үшін шымкенттіктерден көмек сұрап отыр

Қостанай облысындағы ауылдар қаңырап жатыр. Жергілікті тұрғындар қалаға қарай үдере көшуде. Ал әкім болса, алақандай ауылды сақтап қалу үшін жанталасып жүр.

«Ауданнан 50-60 шақырымдағы ауылдар бос қалды. Халық қалаға көшіп кеткен. Осы жерді мекендеген орыс ұлтының өкілдері Ресейге қарай көшті. Мектепте балалар азайып, жабылып қалу қаупі туып тұр. Мектеп жабылмау үшін 82 бала керек. Ал бізде 60-ақ бала. Шымкенттен 10 үй шақырып отырмын. Оларда әр үйде кемі бес баладан болады. Маған мектептің жабылып қалмағаны керек. Олар: «Бізге жер берсеңіз болды, келеміз» деп отыр. Оларда газ бар, жылы, қыс деген болмайды. Бізде от жағады. Олар сонда да қорықпайды ей… .Шымкент жақтан мұғалімдер әкеліп, үй беремін. Біздің мұғалімдер зейнетке кетті», — дейді Тәгіл селолық округының әкімі Сағымбай Сүндеталин.

Ауыл әкімі Қостанайды қазақыландыру үшін шымкенттіктерден көмек сұрап отыр (фото)

Қостанай облысы Сарыкөл өңірінің жері құнарлы, егіске қолайлы болғанымен инфрақұрылым жетістіктерінен ада. Әлі күнге дейін от жағып отырған ауылдар көп. Жарық бірде бар, бірде жоқ болса, ауызсу толығымен жеткізілмеген. Әйелімен ғана тұратын ауыл әкімінің өзі қыста тоңбау үшін 85 мың теңгеге отын алатынын жасырған жоқ.

Ауыл әкімі Қостанайды қазақыландыру үшін шымкенттіктерден көмек сұрап отыр (фото)

«Бұл жерде газ жоқ. Көмір жағып отырмыз. Қыста мен өзім 10 тонна ағаш, 5 тонна көмір жұмсаймын. Көмірдің тоннасы 7000 теңге, ағаштың тоннасы 5000 теңге», — дейді Сүндеталин.

Ауыл әкімі Қостанайды қазақыландыру үшін шымкенттіктерден көмек сұрап отыр (фото)

Ауыл әкімі Қостанайды қазақыландыру үшін шымкенттіктерден көмек сұрап отыр (фото)

Ауылда 20 жылға жуық әкім болған басшы биліктен әзір кетпейтінін кесіп айтты.

Ауыл әкімі Қостанайды қазақыландыру үшін шымкенттіктерден көмек сұрап отыр (фото)

«Ауылға әкім болғаныма 19 жыл. Оның алдында 10 жыл мектеп директоры болдым. 22 жыл мектепте педагог болдым. Ертең тамызда қайтадан сайлау болғалы жатыр. Депутаттар ауыл әкімдерін сайлайды. Тағы төрт жылға өзімді ұсынып жатырмын. Зейнетке дейін әлі 6 жыл бар. Не істеймін? Әкімдікте қаламын», — деді өзіне сенімді ауыл әкімі. Айтуынша, ол Қостанай өңірін қазақыландыруға күш салғалы отыр.

Ауыл әкімі Қостанайды қазақыландыру үшін шымкенттіктерден көмек сұрап отыр (фото)

«Мен келгенде бұл жақта қазақтар болмаған. Менің алдымда 20 жыл орыс әкім басшы болды.  Келген жылы Моңғолиядан 5 отбасын көшіріп әкелдім. Үй бердім, 23 гектардан жер бердім. Қазақтардың бәрін әкеліп жатырмын. Бұл жақты қазақыландыру керек. Енді Шымкенттен 10 отбасы әкелемін. Өзіміз Қазақстанда тұрамыз ғой?! Бұлай жарамайды! Біздің округте 300 үйдің 70-і ғана қазақ», — дейді ол.

Ауыл әкімі Қостанайды қазақыландыру үшін шымкенттіктерден көмек сұрап отыр (фото)

Ауыл әкімі Қостанайды қазақыландыру үшін шымкенттіктерден көмек сұрап отыр (фото)

Мыңнан аса тұрғыны бар шағын ауылда 145 шаруа қожалығы бар.

«Мен әкім боп келгенде үстімнен неше түрлі арыздар жазды. «Астана, Алматы, Қостанайда пәтері бар екен. Бәрін жеп бітірді, баласы  прокуратурада жасайды» деп соқты. Балам «прокуратурада жасамаймын» деп шығып кетті. Менің қалада пәтерімнің жоқ екеніне ешкім сенбейді.  Жалғыз балама бір бөлмелі пәтерді несиеге алдық. Балам: «Папа, сен мені өспейді деп ойладың ба? Бұрын неге үй алып қоймадың» дейді. Кезінде үй алуға мүмкіндік болып еді, алмаппын ғой. Мәз болып машиналарды ауыстыра беріппін… 15 машина ауыстырған шығармын», — дейді бүгінде үлкен «Джип» мініп жүрген ауыл әкімі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған