Ахмет Байтұрсынұлының нақыл сөздері

Қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі,мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі Ахмет Байтұрсынұлының өмірі – келер ұрпаққа өнеге. Ұлы тұлғаның ұлағатты сөздерін назарларыңызға ұсынамыз. Мұғалімі қандай болса – мектебі де сондай болмақ.  Адамға ең қымбат нәрсе – жұрт қамы, жұрт ісі.  Замана сипаты: білімі көптер жұрт билемей, малы көптер жұрт билер заман.  Сөздің ең ұлысы – тарих.  Елде жоқ рух – ақын сөзіне қайдан келсін?!  Көркем сөз – көңіл тілі, жалаң сөз – зейін тілі.  Балам деген жұрт болмаса – жұртым дейтін бала қайдан шықсын!  Тілі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады.  Баланы ұлша тәрбиелесең – ұл, құлша тәрбиелесең – құл болмақшы.  Жер мәселесі – қазақтың тірі я өлі болуының мәселесі.  Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі.  Мектептің жаны – мұғалім. Шежіре, заманхат, өмірбаян, мінездеме – бәрі де тарихтың жемі есебіндегі нәрселер.  Мақал – тәжірибеден шыққан ақиқат түрінде айтылатын сөз.  Күнелту үшін – ас керек, ас істеуге – күш керек, күшті жұмсауға – ес керек.  Әркім өзі жақсы білетін нәрсесін сынауы керек.  Алушы да, беруші де – өзіне жағымды жағын іздейді. Кейбір істерді істеу керек бола тұра істеуге болмайды.  Өткенді қуғанды қойып – осы күйіңді жөндеуге жөн іздеу керек.  Жұрт керегін білетіндер – көп, істейтіндер – аз.  Талап – жоқ, үміт – мол бір халықпыз.  Біреу – жұмыс қылайын десем тұрған жерім жаман дейді, біреу – маңайымдағы елім жаман дейді: бұлардың бәрі де – бос сөз!  Біздің заманымыз – өткен заманның баласы, келер заманның атасы!

Massaget.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған