АШМ: Батыс өңірі жаңа бағдарламамен танысты

А. Мырзахметов: Бағдарлама мақсаты – елімізді сұранысқа ие ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз ету

А.Мырзахметов еліміздің Батыс өңірінде АӨК-ті дамыту туралы мемлекеттік бағдарламасының тұжырымдамасын түсіндіру барысында бағдарламаның негізгі мақсаты мен міндеттеріне тоқталып өтті. Әзірленіп жатқан Мемлекеттік бағдарламаның негізгі міндеттері: мал шаруашылығының тиімділігін 58%-ға және өсімдік шаруашылығының тиімділігін 40%-ға арттыру, тауарлы өндіріске 670 мың ұсақ өндірушіні тарту және өнімдерді өткізу мен өңдеудің пәрменді жүйесін құру үшін ауқымды ауыл шаруашылығы кооперацияларын дамыту, АШТӨ-ні барынша қамти отырып, мемлекеттік қолдаудың тиімділігін және қолжетімділігін қамтамасыз ету, мақсатқа бағытталған экспорттық саясатты іске асыру және органикалық өнімнің қазақстандық брендін жылжыту, 600 мың га астам суармалы жерді айналымға тарту, АӨК-ні мемлекеттік реттеуді жетілдіру болады.

Айта кетейік, бұл бағдарлама 9 қыркүйектегі кеңейтілген Үкімет отырысында Елбасының тапсырмасы бойынша жасалып, бүгінгі таңда бағдарлама тұжырымдамасын талқылау жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ, аталмыш жиында  ҚР АШМ өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу департаменті директорының орынбасары Бахыт Ілиясов мемлекеттік қолдаудың тиімділігін арттыру шараларын айтып берді.

«Егістік алқаптар құрылымын әртараптандырудың төмен қарқынын, қайта өңдеу зауыттарының нашар жүктелуін, мал шаруашылығы саласын мал азығымен қамтамасыз етудің төмендігін ескере отырып, әртараптандырудың қарқынын арттыру қажет.Сонымен қоса, өңдеу қуаттылығын жүктеуіне қол жеткізу мақсатында өсімдік шаруашылығы өнімінің нақты көлемін алу үшін дақылдардың нақты тізімін өндіруін ынталандыруға, мал шаруашылығы саласын балансталған азықтармен қамтамасыз етуге басты назар аударылатын болады, осыған орай экспортқа бағытталған қосылған құны жоғары өнімін өндіру», – деді Бахыт Ілиясов.

Сонымен қатар департамент директорының орынбасары Б. Ілиясов тұқым шаруашылығын дамытуды жетілдіру шараларын атап өтті.

«Ең төменгі нормалы бірінші репродукциядан төмен емес тұқымдарды субсидиялаудың қолданыстағы механизмі ауыл шаруашылығы тауар өндірушілердің тиісті техника, жинаған тұқымдарды әрі қарай көбейтуге және сақтауға мүмкіндіктері, сондай-ақ тұқым шаруашылығы бойынша арнайы білімдері жоқ болғандықтан күтілген нәтиже берген жоқ. Бұл ретте, шағын ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері субсидиялардың көлемі шамалы болғандықтан субсидияларды рәсімдеу және алуға қызығүшылық білдірмеді», – ҚР АШМ өкілі айтып өтті.

Осыған байланысты 2017 жылдан бастап ЕАЭО мемлекеттерінде тұқым шаруашылығын қолдау тәжірибесін есепке ала отырып, бірінші репродукциядан төмен емес тұқымдарды субсидиялауын алып тастап, бірегей және элиталы тұқымдарды (40% дейін) қайта субсидиялауды ұсынылады.

Айта кетейік, Мемлекет басшысының кеңейтілген Үкімет отырысындағы тапсырмасына сәйкес, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінде АӨК-ті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жасалып жатыр.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған