Аятул күрсидің қасиеті

 Сұрақ: Көп оқылуы керектігі айтылатын Аятәл курсидің (Бақара 255) қандай қасиеттері, құндылықтары бар?

 Жауап: Аятәл курсидің қасиеті өте көп. Хадис шәрифтерде былай делінеді:

«Аятәл күрси – аяттардың сәйиді (үстемі). Бір жерде оқылған кезде шайтан ол жерде тұра алмай міндетті түрде қашады.» (Хаким)

«Аятәл күрси – Құран кәрімнің төрттен бірі.» (Әбушшәйх)

«Үйінде Фатиха мен Аятәл күрси оқыған адамға жын мен шайтан сол күні зиян тигізе алмайды. Көз тимейді.» (Дейләми)

«Жатарда Аятәл күрси оқыған адамға шайтан жақындай алмайды.» (Шәуәһид ун нубууә)

«Әр парыз намазынан кейін Аятәл күрси оқыған адам үшін жәннатқа кіруіне ешқандай бөгет жоқ» (Нәсаи, Ибн Хиббан, Бәйһақи, Табарани)

«Үйінен шығарда Аятәл күрси оқыған адамға үйіне қайтқанға дейін жетпіс періште дұға және истиғфар етеді.» (Әйухәл уәләд илмихалы) (Көлікке мінгенде де Аятәл күрси оқу апаттар мен бәле-жаланың алдын алады.)

Аятул күрсиді ықыласпен оқыған адамның, адам мен жануар ақыларымен парыз қарыздарынан басқа бүкіл күнәлары кешіріледі. Яғни тәубелері қабыл болады.  (Ислам Ахлақы)

Хазреті Әли: «Қабір азабынан құтылу үшін Аятул күрсиді көп оқу керек» – деген. (Зухра-тур-Рияз)

“Әйухәл уәләд илмихал”-ындағы хадис шәрифтер төмендегідей:

«Намаздан кейін Аятәл күрси оқыған адамға әрбір әрпі үшін 40 сауап жазылады.»

«Кімде-кім намаздан кейін бір рет Аятәл күрси оқыса, сол аят Арш ағлаға дейін көтеріліп, тоқтамастан әрекет етіп “Йа Рабби, мені оқыған құлыңды кешіре гөр!” – дейді. Хақ та’ала мекен мен бағыттан тыс болып, “Ей періштелерім, куә болыңдар, намаздан кейін Аятәл күрсиді оқыған құлымның күнәларын кешірдім” дейді.»

«Парыз намазын бітіргеннен кейін бір рет Аятәл күрсиді оқып, 33 рет Субханаллаһ, 33 рет Әлхамдулиллаһ, 33 рет Аллаһу әкбар және бір рет “Лә илаһә иллаллаһу уаһдаһу лә шәрикә ләһ, ләһул мулку уә ләһул хамду уә һуә ала кулли шәй-ин қадир” деген адамның күнәларын Алла Тағала кешіреді.»

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған