Ақиық ақын Мұқағали мен Баха-Фестивальді не байланыстырады?

Қылмыс әлемінде «Баха-Фестиваль» деген лақап атпен танымал Бақыткелді Баясов кім? Қай жердің тумасы? Баха-Фестиваль жайлы жұрт нені біледі, нені білмейді?

Шындығын айту керек, біздің елде қылмыс әлемінің серкелері жайлы деректер өте аз. Бұл тақырып әлі де өз дәргейінде зерттеліп жазыла қойған жоқ. Сондықтан да қолда бар деректерді ғана місе тұтуға мәжбүрміз.

Баха-Фестиваль 1963 жылы Алматы облысындағы қазіргі Райымбек ауданына қарасты Қарасаз ауылында дүниеге келген. Кіндігі қазақтың ақиық ақыны Мұқағалидың жырларына арқау болған әйгілі Қарасаздың топырағында кесілген. Райымбек батырдың тікелей ұрпағы. Ол кезде Қарасаз «Энгельс совхозы» деп аталатын. Сол Энгельстен бала Бақыткелді ата-анасымен 3-4 жасында көшіп, қазіргі Еңбекшіқазақ ауданына келіп тұрақтайды.  

Бақыткелдінің әкесі Қаматай ақиық ақын Мұқағалидың досы болған. Екі отбасы аралас-құралас болыпты. Тіпті, Мұқағали сәби Бақыткелдіні көтеріп тұрып суретке де түскен екен. Бақыткелді дүниеден озған соң, осы үйге келген қонақтар естелік үшін Баха-Фестивальдің суреттерін алып кететінді шығарады. Бақыттың Мұқағали ағасымен түскен суреті сол кезде қолды болса керек.

Дереккөзі: АлауИнформ агенттігі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған