Ақмола өңірін тасқын әбігерге салды..

Көктем шыға  Атбасар десе Ақмола жұртының көңіл жабырқайтын қалге түсті. Жыл сайын Атбасарда тасқын болғалы жатыр екен, болыпты, су басыпты деген, хабар елді дүрліктіргелі 3 жылдан асты. Жыл сайын апаттың алдын алу үшін, тыңғылықты шаралар қарастырдық деген, мәліме жарияланады.Осы жылыда  Наурыз айында жоғарыдан бақылап, төменнен зертеп, қажетті құрал жабдық, техниканы сайладық деген,мәлімет бойынша, апат болады ау деген аймақты төтенше жағдай мамандары көзбен көріп, қанықты.    Өткен жылы Атбасар қаласында тасқынан қорғайтын ұзындығы 9 шақырым бөгет салынды. Атбасарды енді су алмайды дестік.  Амал не олай болмады. Пенде біз пендешілікпен, күпірлік етіппіз. Алғашқы кезде,бөгет су денгейі көтеріле бере үш жерден опырылып , бөгет бұзылып 206 тұрғын үйді су басып қалып, 451 жуық адам қауіпсіз жерге көшірілген.

dfgreg

Сонымен қатар бір мектепті су алған.

Бар ынта Атбасарға жұмылып жүргенде  16 сәуір күні, онымен іргелсе  Сандықтау ауданында 65 үйді су басып, 180-ге жуық адам қауіпсіз жерге көшуге мәжбүр болды. Дәл осы күні  Максимовка ауылының маңында, яғни «Көкшетау-Атбасар» тасжолының 118 шақырымында «Паз» автобусы су шайып кеткен жолмен өтпек болып, жол шетіндегі орға түсіп кеткен. Автобуста  15 жолаушы, оның оны  балалар.  Оқиға орнынан жедел жеткен құтқарушылар жолаушыларды суға батқан автобустан  аман алып шыққан.

Аршалы ауданындағы 42 раъезде 10 үйдің ауласына су кіріп, тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілген. Аталған апатты  аудандарға Ақмола облысының əкімі Мəлік Мырзалин өзі барып, су тасқынына қарсы шараларды бақылауға алған. Зардап шеккендерге көмек көрсететін штабтар құрылып, көмек жиналып жатыр. Сәуірдің 18 күнгі мәліметпен апатты аудандардағы  жағдай тұрақтанып келеді, дейді  облыс әкімінің баспа сөз қызметі.

dfgreg

Облыстағы төтенше жағдайға ұшыраған аудан, ауыл жайлы қысқаша атап өтсек.

Облыстың 12 ауданында 35 жол торабын су басып, 34 елді мекен де 888 үй мен 1250 аулалық аумақ су астында қалып, 2403 тұрғын мен 2206 жануар қауіпсіз жерлерге көшірілген. Адам, мал шығыны тіркелмеген.

Сәуірдің 18 күнгі жағдаймен 318 үй қалпына келтіріліп, қауіпсіз аймаққа көшірілген 307 адам өз үйлеріне оралып, 1619 адам эвакуациялау орындарында және туыстарының үйін паналауда..

Авариялық-құтқару және шұғыл-жәрдем қызметтеріне 1055  адам мен 263 бірлік техника, 11 жүзу құралы жұмылдырылған.

Сандықтау және Атбасар аудандарында Жабай өзені деңгейінің көтерілуіне байланысты  аталмыш аудандардың 9 елді-мекендерінде су деңгейі қауіпті бағаны 1-2 метр, Атбасар қаласында 6,1 метрді көрсеткен. Мұндай апат 1964 жылы болыпты. Бүгінгі апат салдарынан 400 үй судан зәбір шегіп, 1370 адам қауіпсіз аймаққа көшірілді. Еске сала кетейік, 2014 жылғымен 567 үй су астында қалған болатын..

                                                             Дахан Шөкшир

Elana.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған