АҚТАУДА «ЖҰЛЫНҚҰРТ» ДРАМАЛЫҚ ҚОЙЫЛЫМЫ САХНАЛАНДЫ

Қоғамының біз білмейтін кемшіл тұстары жетерлік. Оның бірі қызығушылық. Қызығушылық салдары жақсылыққа да жамандыққа да итермелеуі мүмкін. Қызығушылықтан басталған әдеттердің кейде адам өміріне әсер етіп, құрдымға жіберіп жататыны құпия емес. Сондай жағдайлардың басты себептерінің бірі – нашақорлық. Осы күні індетке айналып, талай жастың тағдырын тәлкекке ұшырап, өмірін ойранға айналдырған есірткінің мағынасы грек тілінен аударғанда «narke» – мелшию және «mania» – ессіздік пен құтырыну дегенді білдіреді. Яғни, бір сөзбен айтқанда есірткі заттарына патологиялық дағдыланудың нәтижесінде пайда болатын созылмалы ауру. Аты айтып тұрғандай ессіздік пен құтырыну деңгейіне түсіріп, аяғы өлімге дейін апаратын дерт. Нашақорлықтың алдын-алып, есірткінің жолын кесу бойынша шаралар легі жалғасуда, дегенмен жоғарыда айтып өткендей қызығушылықпен басталған нәрсенің түп-тамырымен жою мүмкін болмай тұр.img_3415-2

Осы орайда, «Маңғыстау облыстық ғылыми-әдістемелік және мәдени қызмет көрсету орталығында» ҚДП «Ақ жол» Маңғыстау облыстық филиалы жанындағы «Ақ жол-жастар» жастар қанатының әуесқой әртістері «Жұлынқұрт» драмасын сахналады. img_3048

Көрерменннің қошеметімен басталған қойылымға: Маңғыстау облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының өкілдері, ҚДП «Ақ жол» Маңғыстау облыстық филиалының өкілдері, Қазақстан коммунистік халық партиясының өкілдері, «Ақ жол-жастар» жастар қанатының жастары, Жас Отан жастар қанаты мен қала жастары, колледж ұстаздары мен студенттер қатысты. dsc07817

Бала жастан бірге өскен айнымас достардың ересек өмірге қадам басып, өмірдің бұралаң жолдарына түсіп кетуі мен тағдырына налып, соғыста қаза болған жарының жалғыз тұяғы, бауыр еті баласын асырау қамымен жұмыс істеп жүрген ананың, ниеті таза, хақ діннің өкілі болған имамның өмірі бейнеленген «Жұлынқұт» драмалық қойылымында көрермен қарасы көп болды. Есірткі тасымалдаушысы мен оны тұтынушының арасын байланыстыратын жалғыз нәрсе ол – есірткі. Тәуелдігі артып, өзіне-өзіне ерік берген сәтте есірткі іздеп шарқ ұрған жастардың іс-әрекетін ессіздікке немесе есуастыққа теңеуге болады. Жан-тәнімен есірткіні қалап, керек болса, қарызға батып, өз үйін тонауға дейінгі дәрежеге жетуге болатын қойылымын кейіпкерлері дәлелдеп берді.

Драматург, ұстаз Өтен Ахметтің бұл қойылымы өзекті мәселенің өзегінен басып, көрген жанның санасына есірткі зардабын түсіндіріп беріп, алдын-алу бағытында жасалған нақты қадамдардың бірі ретінде бағалауға болатындығын көрерменнің көз жанары мен ыстық ықыласы көрсетті. Қойылым соңында Маңғыстау облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Аманғали Нұрдәулетов қойылымның маңыздылығын тілге тиек етіп, «Ақ жол-жастар» жастар қанатының ұйымдастырған іс-шараларының риза екендігін айтып өтті. Одан әрі «Каспий өңірі «Болашақ» колледжінің директоры Әсел Қаламқалиева әуесқой әртістердің шынайы дарындылығын айтып, жастарды еңбекке баулып, қоғам өміріне етене жақын қылған ҚДП «Ақ жол» Маңғыстау облыстық филиалы мен «Ақжол-жастар» жастар қанатына алғысын білдірді.

Сондай-ақ, ҚДП «Ақ жол» Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы Жаңбырбай Матаев жастардың табиғи таланттары арқылы қоғамда қалыпты құбылысқа айналып бара жатқан нашақорлықтың, жалпылама алғанда өскелең ұрпақтың өсуіне зардабы көп індеттердің алдын алуға болатынын айтты.

 

Айман Оңғарбайқызы

Маңғыстау облысы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған