АҚТАУДА КАВКАЗ ХАЛҚЫ БИЛЕРІНІҢ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ  

Ақтауда «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің мұрындық болуымен «Кавказ халқы билерінің фестивалі» өтті.

Фестиваль – әлем халықтарының барлық билерін бағындырған кемеңгер биші Махмуд Эсамбаевтың құрметіне орай ұйымдастырылған.

Шарада «Настроение», «Шадвал», «Альтаир», «Нұр» және «Жорға» би ансамблдері өз өнерлерін көрсетті. Сондай-ақ, «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің мүшесі – Ислам Музаев, «Ехпайрутюн» армян этномәдени бірлестігінің мүшесі – Армен Саакян, «Самур» лезгин этномәдени бірлестігінің мүшесі – Марина Байрамова әуезді ән айтып, көрермендерге ерекше көңіл күй сыйлады.

Бір шаңырақ астындағы ұлттар татуластығы бұл фестивальде айқын көрініс тапты.

 

Айман Оңғарбайқызы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған