Ақтауда «Үлкен ел – Үлкен Отбасы» көрмесі өтті

Ақтаудағы «Достық» үйінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы мен «25 жұлдызды күн» жалпы республикалық акциясы аясында «Үлкен ел – Үлкен Отбасы» атты фотосуреттер көрмесі өтті. Көрмеде Маңғыстау облысы бойынша ел татулығы мен бірлігін нығайту жолында қызмет атқарып келе жатқан этномәдени бірлестіктер мен өңірімізге еңбегі сіңген қоғам қайраткерілері туралы ақпарат қойылды.

1480275011_img_6130

Маңғыстау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен өткен іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығы, Маңғыстау облысының этномәдени бірлестіктері, Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жас қанат» жастар ұйымы мен студенттер қатысты.

1480275020_img_6110

Шара мақсаты – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында, көп ұлтты Қазақстан халқының татулығын, бірлігін халқымызға таныстыру мен жастардың бойына сіңіру болып табылады.

1480275015_img_6227Іс-шара шымылдығын Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Гүлжан Мақсұтқызы ашты. Сонымен қатар, шара барысында этномәдени бірлестік төрағалары сөз сөйлеп, бірлестік өнерпаздары концерттік бағдарлама ұйымдастырып, ән мен биден шашу шашты.

Айман Оңғарбайқызы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған