АҚТАУДА ӨЗБЕКСТАННЫҢ БАС КОНСУЛДЫҒЫ АШЫЛДЫ

 

Салтанатты шараға Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Тұрымов пен Өзбекстанның ҚР төтенше және өкілетті елшісі Саидикрам Ниязходжаев қатысты. Дипломатиялық кеңсе Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы экономикалық байланыс пен достық қарым-қатынастың арта түсуіне мүмкіндік бермек

“Бүгін қасиетті Маңғыстау өңірінде тарихи сәттің куәсі болып отырмыз. Жоспарлы түрде екі халық арасындағы ежелгі, терең тарихы бар мәдени және рухани байланысымыз одан әрі кеңейіп келеді. Екі ел арасындағы достық қарым-қатынасымыз одан әрі нығая бергей”,- деп құттықтады Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов.

“Бас консулдықтың ашылуы мемлекетаралық байланыстың артуына жол ашатын болды. Екі ел арасындағы алыс-беріс пен барыс-келіс арта түсеріне сенімдімін. Биылдың өзінде 6 айда Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауарайналым 1 миллиард 800 миллионды құрады. Жылдың соңына дейін 4 миллиард Ақш долларына жетеді деп күтілуде”, – деді ӨЗБЕКСТАННЫҢ ҚР ТӨТЕНШЕ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІ ЕЛШІСІ САИДИКРАМ НИЯЗХОДЖАЕВ

Айта кетейік, ағымдағы жылдың 17 шілдесі күні екі елдің Үкімет басшыларының қатысуымен «Бейнеу-Ақжігіт-Өзбекстан» республикалық маңызы бар автожолы салтанатты түрде ашылды. Бұл екі мемлекет арасындағы экономикалық жобаларды іске асыруға үлкен серпіліс беретіні анық. Бас консулдықта екі ел азаматтары мен еңбек мигранттарына да құқықтық көмек көрсетіледі. Айта кетейік, Ақтауда Әзірбайжан, Иран, Түркия мен Түркіменстанның консулдықтары жұмыс істеп тұр.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған