АҚТАУДЫ ЖАРЫҚТАНДЫРУДЫҢ ЖАҢА ЖҮЙЕСІ ЖАСАЛМАҚ

Түрлі-түсті жарық шашқан қала көшелері. Енді түнгі Ақтау осындай кейіпке кіреді. Себебі, шаһарды жарықтандырудың жаңа жүйесі жасалды. Қаладағы жекеменшік және мемлекеттік нысандарға, барлығы 50 ғимаратқа түрлі-түсті жарық диодты шамдар орнатылады. Неке сарайынан бастап орталық мешітке дейін қаладағы маңызды нысандардың өңі өзгеретін болды.

¤Қазір 25 ғимараттың жобасы дайын. Тек жергілікті биліктің бекітуін күтіп тұр.

Барлығы заманауи технологиямен автоматты түрде басқарылады. 3 жылға кепілдігіміз бар. Қала шам­дарының жай-күйі туралы мәліметтер, жүйені басқару құрылғылары диспетчердің экран мониторында көрсетіледі, дейді жобаға жауапты «Olymp union» ЖШС бас дизайнері Олег Фадеев.

?
?

¤Жаңа жүйе жекеменшік қонақ үйлерден бастап, орталық мешіт, қала және облыс әкімдігі мен неке сарайына да орнатылады. Кешқұрым уақытта ғимарттар түрлі түске еніп, мың құбылып, шаһар көркін аша түседі.

Бұл шамдар түнгі Ақтаудың көркін аша түсетініне сенімім мол. Жуырда келіссөздерді бастаймыз. Жалпы, шаһар бойынша 50 нысанға жарық диодты шамдар орнатамыз, дейді Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов.

Жоба ¤Жоба электр қуатын 50 пайызға дейін үнемдейді. Жаңа шам отандық өнім өндірушілердікі. Ішінде сынабы жоқ. Сол себепті денсаулыққа да зияны тимейді. Жоба жүзеге асса, жарық диодты шамдар  жағажай аймағы мен аудандарда да орнатылуы мүмкін.

 

Айман Оңғарбайқызы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған