Ақтөбе облысында ауыл әкімдері Сапарбаев келгенде халықтың алдында сағаттап тұруға мәжбүр

Ақтөбе облысының әкімі шалғай ауылдарға барғанда мінберлерден неге қашады? Бердібек Сапарбаевпен іссапарға жиі шығатын тілшілер оның үстелге отырмайтынын аңғарған. Талай жерде облыс басшысы жергілікті әкім-қаралар дайындап қойған үстел мен мінберге жоламайды.

Әсіресе, шалғай ауылдарда әкім халықтан өзін еркін ұстауын өтінеді де, төрге шыға қоймайды. Қарапайым тұрғындарға жақын болу керек дейді ме, әлде шағын залда дауыс онсыз да естіледі дегені ме, аты-жөні мен лауазымы жазылған тақтайшасы бар үстелдерге көп жақындай бермейді.

Сапарбаевтың орнынан тік тұрып халықпен әңгімелесіп тұрғанын көрген аудан-ауыл басшылары да тұрғындардың алдында, амал жоқ, сағаттап түрегелуге мәжбүр.

«Сіздер мені естіп тұрсыздар ма, микрофонсыз сіздермен сөйлесе берейін. Кішкене еркін отырыңыздар, мәселелер болса айта отырыңыздар, мен төрге шықпай-ақ қояйын», — дейді талай ауылға барғанда Бердібек Сапарбаев.

Облыс басшысының көп қылығын «көшіріп» жүрген аудан әкімдерінің халықпен түрегеліп тұрып сұхбат жасап жүргені жайлы әзірге айтыла қоймады.

http://aktobenews.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған