Ақшаға сатып ала алмайтын нәрселер…

Ақшаға сатып ала алмайтын нәрселер де бар. Оны баршаңыз жақсы білесіздер. Әйтсе де құмға сіңген судайын ақылыңызды жұтып, қолыңызды мезгіліңізден кеш қалғандай кейін сермеп қалмаңыз. Уақыт оныңызды кешірмейді әсте. Сондықтан, қанша жерден «Ақша-Құдай» билеген заман десек те, ақшаны алдыңғы орынға шығарып, өз бойыңдағы асыл құндылықтардың шырағын қайта жанбайтындай етіп өшіріп алма! Осы тұста ақшаға қатысты айтылған қытайдың мына мақалын назарларыңызға ұсынғалы құп көріп отырмыз.

Ақшаға баспана сатып алуға болады, бірақ «үй» сатып ала алмайсың;

Ақшаға сағат сатып алуға болады, бірақ «уақыт» сатып ала алмайсың;

Ақшаға төсек сатып алуға болады, бірақ жайлылық сатып ала алмайсың;

Ақшаға кітап сатып алуға болады, бірақ мәдениет сатып ала алмайсың;

Ақшаға дәрігерді сатып алуға болады, бірақ мықты денсаулық сатып ала алмайсың;

Ақшаға дәреже сатып алуға болады, бірақ құрмет сатып ала алмайсың;

Ақшаға қан сатып алуға болады, бірақ өмір сатып ала алмайсың;

Ақшаға құмарлық сатып алуға болады, бірақ махаббат сатып ала алмайсың.

 

Сәуле Мешітбаева Фб парақшасынан

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.