Ақ алтыннан жасалған жүзікті тағуға бола ма?

Саф алтын өте жұмсақ, майысқыш және жүзіне тез сызат түскіш болып келеді. Сондықтан да, зергерлік бұйымдар берік әрі қатты болуы үшін алтынға күміс, мыс, паллади, платина сыңды өзге металдарды қосып балқытады. Қосылған металына қарай алтынның түсі де өзгереді. Мысалы, мыспен қорытылған алтынның түсі қызғылт, ал, күміспен қорытылған алтынның түсі – сарғылт тартып тұрады. Ал егер оны «палладиймен» немесе «платинамен» қорытса ақ түске айналады[1]. 

Енді, мұндай алтынның шариғаттағы үкіміне келер болсақ, ғұлама Мухиддин Әбу Закария ән-Нәуәуи р.а. (хижри 631-676 ж.)  «Сахих Муслим» атты хадистер жинағына жазған шархында (түсіндірмесінде) былай дейді: 

«Ғалымдар бір ауыздан алтын жүзік тағу ер кісілер үшін «харам» дейді. Жүзіктің кей бөлігі күміс, кей бөлігі алтын болса да, үкімі осы… Өйткені, Пайғамбарымыздың мына сөзі барлық алтын атауын қамтып тұр. Ол (с.а.у): «Мына екеуі (жібек пен алтын) ер кісілерге – харам, әйелдерге – халал», – деген»[2]. 

3-%d0%be%d0%b1%d1%80%d0%ba%d1%87%d0%b0%d0%bb%d1%8c%d0%bd%d0%b5%d1%8b-%d0%ba%d0%be%d0%bb%d1%8c%d1%86%d0%b0-%d0%b8%d0%b7-%d0%b1%d0%b5%d0%bb%d0%be%d0%b3%d0%be-%d0%b7%d0%be%d0%bb%d0%be%d1%82%d0%b0

Демек, «палладимен» қорытылған ақ алтын жүзікті де  ер кісілердің тағуы дұрыс емес.  Аталмыш хадистің мазмұны осыны мензейді.

Қазіргі таңдағы беделді ғалымдардың бірі шариғат ғылымының профессоры Али Жұма бүгінгі тақырыбымызға байланысты өз пікірін былай өрбітеді: 

«Сары алтынға платина сияқты өзге заттарды қосып балқыту арқылы пайда болған ақ алтынды еркектердің жүзік ретінде тағулары – харам. Өйткені, бұл да алтын болып есептеледі…».[3]  

Ендеше, мұсылман ер кісі, түсі қандай болса да, алтыннан жасалған жүзіктен бойын аулақ ұстағаны жөн (әйел кісілерге болады). Оның орнына күміс сақына таққаны абзал.

[1] http://aboutdiamonds.narod.ru/gold.htm
[2] Имам Науаи, Шархун Нәуәуи алә Муслим, 2066 хадис шархы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған