«Ақ жол» партиясының бірқатар облыстық филиалдарының жаңа төрағалары сайланды

«Ақ жол» Демократиялық партиясының кезекті аймақтық есеп беру-сайлау форумының аясында ағымдағы жылғы наурыз-сәуір аралығында партияның Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды және Ақмола облысындағы филиал басшылары ауысты.

Ағымдағы жылғы 30 наурызда «Ақ жол» ҚДП Оңтүстік Қазақстан облыстық кеңестің Алқалық жиналысында «Заңғар» компаниялар тобының президенті Әбжанов Алимхан өңірдегі филиал төрағасы болып сайланды. Бұрынғы басшы Анарбек Орман зейнеттік жасқа толуына орай өз еркімен қызметтен босатылған болатын.

А. Әбжанов – тәжірибелі заңгер, құқық қорғау органдарында қызмет еткен. Облыстық Ішкі істер министрлігі мен ІІД департаменттерін басқарған. 2012 жылдан бастап ол жеке кәсіпкерлікке көшті, онда бірқатар бағыттар бойынша жемісті жұмыс істеді әрі қоғамдық және қайырымдылық шараларға белсенді түрде атсалысқан азамат.

Дәл сол күні өткен «Ақ жол» ҚДП Қарағанды облыстық филиалының есеп беру конференциясының қорытындысы бойынша аталған филиалдың басшысы болып Қазақстандық кәсіпкерлер және сервистік қызмет көрсету қауымдастығының төрағасы Ермек Абильдин бірауыздан сайланды. Алдыңғы басшы Марат Беркалиев мемелекеттік қызметке шақыртылды.

Е. Абильдин – экономист, жас болса да өз өңірінде кәсіпкерлердің құқықтары мен мүддесін белсенді түрде қорғап келген азамат ретінде көпшілікке танымал. Және де ол министрліктер мен ведомстволардағы кәсіпкерлік бойынша сарапшылар кеңесінің мүшесі.

Сонымен қатар, 7 сәуір күні өткен «Ақ жол» ҚДП Ақмола облыстық филиалында кезекті есеп беру-сайлау конференциясында Бақыт Смағұл жаңа төраға болып сайланды. Бұрынғы басшы Серік Бейсембаев бизнесінің Астанаға көшіп, ауысуына байланысты өз бастамасымен қызметтен босатылды.

Б. Смағұл Көкшетау өңірінде қалың оқырманға белгілі тілші. Жергілікті бірнеше газет редакцияларын басқарған, «Измерение совести» және «Арда ұлы Алаштың» атты бірқатар туындылардың авторы.

Сайлауға дейін «Ақ жол» партиясының Ақмола облыстық филиалы төрағасының орынбасары лауазымында қызмет етті.

Аталған конференциялардың жұмысына «Ақ жол» партиясының басшылығы, Орталық кеңестің мүшелері және парламенттік фракцияның депутаттары – Азат Перуашев, Қазбек Иса, Әбдіразақ Сұлтанов, Меруерт Қазбекова және Берік Дүйсембинов қатысты.

 «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған